Құрметті оқырман, бүгін біз сіздерге "Күнбағыс" салатының жасалу жоладарын көрсетпекпіз. Бірге үйренейік!
Құрамы:
- картоп
- пияз
- сәбіз
- болгар бұрышы
- ет (сиыр еті/тауық еті)
- пісте май
- тұз
- қызыл бұрыш
- қара бұрыш
- лимон шырыны
- майға қуырылған картоп (чипсы)
![]() | 1. Ең алдымен етті төртбұрыштап және майдалап тураймыз. |
![]() | 2. Картопты да майда төртбұрыш етіп тураймыз. |
![]() | 3. Сәбізді де майда төртбұрыш етіп тураймыз. |
![]() | 4. Пиязды да майда төртбұрыш етіп тураймыз. |
|
| 5. Майдалап турауды болгар бұрышымен аяқтаймыз. |
![]() | 6. Асты жанып тұрған табаға пісте май құйып, қуыруды еттен бастаймыз. |
![]() | 7. Ет әбден қуырылып біткенде пиязды салып қуыра бастаймыз. |
![]() | 8. Пияз сарғыш тарта бастағанда сәбізді салып қуырамыз. |
![]() | 9. Одан соң болгар бұрышын салып қуырамыз. |
![]() | 10. Қуырылып жатқан кезінде қара және қызыл бұрышты аздап себеміз. Тұз салуды да ұмытпаймыз. |
![]() | 11. Пісуге жақын қалғанда лимон сығындысын қосамыз (аздап қана) |
![]() | 12. Қуырылып біткен соң жайпақ тәрелкеге салып шеттерін майға қуырылған картоппен (чипсы) сәндейміз. Асымыз дайын! Тәбетіңіз ашылсын! |
Ас үйде болған: Ақерке Әбілхан
А. Әбілхан











