Массагеттен мәзір: "Бауырым" бәліші

Массагеттен мәзір: "Бауырым" бәліші

Құрметті оқырман, бүгін біз сіздерге бауырдан жасалған "Бауырым" бәлішінің жасалу жолдарын көрсетпекпіз. Қане, бірге дайындайық! 

1. Бәліштің құрамы: 

  • 0,5 кг бауыр еті;
  • 700 г сүт;
  • 2 түйір жұмыртқа;
  • 0,5 шәй қасық тұз;
  • 1 шәй қасық ас содасы
  • 2 стақан ұн;
  • жарты кесе пісте май;


Бауырды еттурағыштан өткізіп, туралған бауыр етінің үстінен сүт құйып, араластырамыз.
2 жұмыртқа саламыз.
0,5 шәй қасық тұз саламыз.
1 шәй қасық (толтырмай) ас содасын саламыз.
Пісте май құямыз.
Ұн саламыз.
Бәрін қосып, араластырамыз.
Асты жанып тұрған табаға ожаумен құйып, құймаққа ұқсатып пісіреміз.
Піскен бауыр құймасы осылай көрінеді.
Қаттамалар дайын. Енді бәліш жасау үшін арасына жағатын кремін дайындау керек.

2. Кремнің құрамы:

  • 2-3 түйір піскен сәбіз;
  • 2-3 түйір сарымсақ;
  • майонез;
 
Піскен сәбізді үккіштен өткіземіз.

Сарымсақты үккіштен өткіземіз.

Үстіне майонез салып, жақсылап арластырамыз.
Дайын болған кремнің көрінісі осындай болады. 

3. Бәлішті жасау



Дайын болған кремді піскен бауыр етінің құймасына жағамыз. Құймақтардың арасына крем жағып, қабаттап қоя береміз.
Жиырма шақты құймақты қабаттап болған соң, үстіне (майдалап туралған) аскөкті себеміз.

Бәрі дайын болған соң, бетін түрліше сәндесеңіз болады. 

Ас болсын!

Ас үйде болған: Ақерке Әбілхан

Суреттер автордан

А. Әбілхан