- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Орамжапырақ...
Массагеттен мәзір: Орамжапырақ салаты

Құрметті оқырман, бүгін біз жеуге жеңіл тағамдардың бірі ретінде орамжапырақтан жасалған салаттың жасалу жолдарымен бөліспекпіз.
Құрамы:
![]() |
|
![]() | Орамжапырақты текшелеп, жіңішкелеп тураймыз. |
![]() | Краб таяқшаларын да текшелеп тураймыз. |
![]() | Жұмыртқаны текшелеп тураймыз. (Сарысын тым майдалап жібермеуге тырысу керек). |
![]() | Қиярды да текшелеп тураймыз. |
![]() | Содан соң қызанақты тураймыз. (Қызанақ суының шығып тұрғаны салатты дәмді етеді). |
![]() | Текшелеп турауды киндзамен аяқтаймыз. (Киндзаны көп қосудың қажеті жоқ. Салатқа өзіндік дәм берсе жеткілікті). |
![]() | Текшелеп туралған көкөністерді шұңғыл ыдысқа салып, үстіне жүгері және майонез құямыз. (Жүгері суы салатқа көп құйылмағаны жөн. Әйтпесе ол қызанақ суымен қосылып, жұмыртқаның сарысын бүлдіреді). |
![]() | Бәрін салып біткен соң, көзбен өлшеп тұз салып, араластырамыз. Салат дайын! (Жеместен бұрын тоңазытқышқа бір сағатқа салып алған жөн). Астарыңыз дәмді болсын! |
Ас үйде болған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: автордан
А. Әбілхан