Массагеттен мәзір: "Ірімшік қосылған үгілмелі бәліш"

Массагеттен мәзір: "Ірімшік қосылған үгілмелі бәліш"

Бәліш аты айтып тұрғандай ірімшік пен үгілмелі қамырдан дайындалады. Үлкен жұмыстың қажеті жоқ, бар болғаны мәзірдің реттілігін сақтай отырып дайындаған жөн. Тез әрі дәмді пісуімен танымал бәліштің мәзірін қабыл алыңыздар.

Құрамы:

қамыр үшін:

  • 1,5-2 стақан ұн;
  • 0,5 стақан қант;
  • 200 гр сары май не маргарин;
  • 1 шай қасық ас содасы (сөндірілген) не қопсытқыш;

салма үшін:

  • 400-450 гр сүзбе;
  • 3 дана жұмыртқа;
  • 0,5-1 стақан қант;
  • ванилин, шие тосабы мен көкнар.

Қамырға қажетті заттарды үлкен ыдыста араластырамыз.

 

Қамырды алақанымызбен үгіте отырып, үгілмелі қамыр әзірлеп аламыз.

Салмаға қажетті азық-түліктерді жақсылап араластырып аламыз. 

Сізде біркелкі әрі қоймалжың қоспа пайда болады.

Енді бәлішті пісіретін арнайы қалып ыдысқа үгілмелі қамырымыздың жартысын саламыз.

Одан кейін ірімшікті салманы салып, қамырдың үстін толықтай жауып шығамыз.

Қамырымыздың қалған бөлігімен салманың үстін көмкереміз. Қамырды алақанымызбен үгіте отырып салуды ұмытпаған жөн.

Бәлішті 180-200 градус температурадағы ыстық пеште 25-30 минут піскенше ұстаймыз. Ірімшік қосылған үгілмелі бәліш дайын!

Астарыңыз дәмді болсын!

Мәзірді жолдаған: Ақнұр Бектеміс

С. А