- Негізгі бет
- Аспаздық
- Инстаграм асқа дәм...
Инстаграм асқа дәм қоспақ
Сенсациялық жаңалық Миннесотада орын алды. Жергілікті зерттеушілер асты суретке түсіріп, инстаграм арқылы достармен "бөлісудің" жай әдетке жатпайтындығына көз жеткізді. Бұдан, суретке түсіруден асқа қосымша дәм бітетін болып шыққан.
Зерттеу асқа қатысты кез келген амал-айланың (манипуляция), мейлі, ол тостерде қыздырылған нан болсын немесе дайын асты суретке түсіру болсын, сол арқылы біздің тағамға қанағаттанушылық сезіміміз артатын көрінеді.
Профессор Кэтлин Вохс пен әріптестері асқа қатысты "салт жоралар" төңірегінде бірқатар эксперименттер жүргізіп көрген. Тәжірибеден бір түйін осы дей келе, мамандардың осы бір оғаш сынаққа баруының сырын ұғындырып көруге тырысамыз: қатысушылар сынақ барысында нұсқау бойынша (инструкция) шоколод тақтасын жеу бұйырылған. Тақтаны (шоколад) екі бөлікке бөлген, артынша жарты бөлікті әр тұста айналдырған, яғни әр қырынан қоя отырып, шоколадты жеу тапсырылған. Оғаштығына қарамастан, осылайша шоколадтың тәттілігі арта түсетінін дәлелденіпті.
Асты суретке түсірудің және оны достармен бөлісуде тағам тартымдылығы арта түспек.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: owap.so