Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Сапалы балмұздақ таңдаңыз

Сапалы балмұздақ таңдаңыз

Сапалы балмұздақ таңдаңыз

Жаз айларында балмұздақ өндірушілері өнім санын арттыру үшін оған өсімдік майын қосады. Ал дәмі сол баяғы қалпында қалады. Тек сатып алушылар сары май мен сүтті тағамдардың орнын пальма майы алмастырғанын қаламайды. Олар әдеттегідей табиғи өнімдерден жасалғанын жақсы көреді.  

Балмұздақтың жақсысын таңдау өз қолымызда. Тек дүкенде алар кезде зер салып таңдасаңыз болғаны.

1) Затбелгісінде «МС» (мемлекеттік стандарт) деген таңба болғаны дұрыс. «ТШ» (техникалық шарттар) деген таңбасы болса, құрамында өзгеше қоспалар бар деген сөз.

2) Сүт пен кілегейден жасалған тағамда «Сүтті», «Кілегейлі», «Пломбир» деген жазуы болады. Өндіруші өсімдік майын қосқан болса, міндетті түрде жазып қоюға тиіс. Әдетте, майда қаріптермен затбелгінің көрінбейтін жеріне жазып қояды. Мұнымен қатар, құрамына қосылған қоспалар да жазылады.

3) Сапалы балмұздаққа да қоюландырғыш заттар қосады. Олар қалпын сақтап тұруы үшін қажет. Мұндай мақсатта агар-агар мен желатинді пайдаланатын өнімдерді алған дұрыс.

4) Дәмдеуіштердің сапасы төменірек болғаны денсаулыққа пайдалы. Олар жемістердің шырыны мен жидектердің табиғи қоспасы болуы керек.

5) Балмұздақ алар кезде қаптамасына міндетті түрде назар аударыңыз. Мыжылған немесе ашылған қаптамадағысын алмаңыз. Шаң-тозаң түскен балмұздақты жуа алмайсыз. Осы себептен де мамандар құймалы балмұздақтарды сатып алуға тыйым салады.

6) Егер балмұздақтың сырты майда мұздармен көмкерілген болса, еріп қайта қалпына келтіргендігінің белгісі.

7) Түрлі түстілігі мен аңқыған иісі табиғи бояулардың қосылғандығын білдіреді. Және түсінің аппақ болуы мүмкін емес. Крем түстес немесе сарғыш келеді. Бастысы бояуы біркелкі болғандығында.

8) Нағыз балмұздақ біркелкі ериді. Ал өсімдік майы қосылғаны ұзаққа шыдайды. Егер ерісе жабысқақ әрі қою сұйықтыққа айналады.

9) Сақтау мерзіміне міндетті түрде қараңыз! Табиғи балмұздақ 6 айға дейін ғана жарамды. Егер сақтау мерзімі ұзағырақ жазылса, қоспалардың көп мөлшерде қосылғандығы.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: tutbery.ru

11018 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 06 тамыз 2013, 12:42
Пікірлер
+0
06 тамыз 2013, 13:50

Бала кезде балмұздақты өзіміз жасап алатынбыз. Сосын бір күні шешеміз "Морозильникті бұзасыңдар" деп ұрысып берген))))

+0
06 тамыз 2013, 15:31

Біз де, тоңазытқыштың мұз қатырғышына түрлі шырындар құйып риза болатынбыз)))

+0
15 тамыз 2013, 10:22

мен жазуына қарамай ұнағанын жей берем :oops: стаканчикке жететіні жоқ сияқты қанша қымбат болса да.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...