Массагетпен бірге қарбыз таңдауды үйрен!

Массагетпен бірге қарбыз таңдауды үйрен!

Тамыз айында дәстүрлі «қарбыз маусымы» басталады. Бірде дәмі тіл үйіретінін таңдасақ, енді бірде таңдауымыз нашар болып жатады. Жақсысын таңдауға көмектесетін кеңестерімізді оқып көріңіздер:

1) Жақсы қарбыздар орташа көлемді болады. Тым үлкендерін таңдаудың қажеті жоқ. Оларды жасанды жолмен өсірген болуы мүмкін. Ал кішкене көлемді қарбыздар дәмсіз болады. Сол себепті 5-7 келілігі жарайды.

2) Қарбыздың толық піскендігін шертіп көру арқылы анықтауға болады. Жаңа піскен қарбыз жұмсақ дауыс береді. Және қабығында сары төбелінен басқа жапырылған немесе сызат жері жоқ болады.

3) Қарбызды астынан және үстінен кішкене қыссаңыз, қыршылдаған дауыс пайда болады. Бұл да қарбыздың жаңа піскендігінің белгісі.

4) Қарбыздар да «ұрғашы, еркек» болып екі топқа бөлінеді. Ұрғашылары дәмдірек.

5) Төбесінде жіпшесі міндетті түрде болуы керек. Егер жіпшесі жасылдау болса, әлі піспегені. Ал егер құрғақ әрі сары түсті болса толықтай піскені.

6) Жол бойында тұрған, сатушының кесіп дайындап қойған қарбызын сатып алмаңыз. Өйткені, жемістер шаң-тозаңды тез сіңіреді. Ал сатушы кесіп қойғанына бактериялар түскен болуы мүмкін.

7) Сатып алған қарбызыңыз дәмсіз болған жағдайда алған жеріңізге барып, басқасын талап етпеңіз. Ол жерде барлығы бірдей химикаттармен өсірілуі мүмкін.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: malahovplus.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды