Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: «Голубцы»

Массагеттен мәзір: «Голубцы»

Массагеттен мәзір: «Голубцы»

Голубцы – қырыққабат жапырағына орап пісірілген турама ет. Ұсақтап туралған ет пен пісірілген күрішті араластырып, қырыққабат жапырағына орап буға пісіретін ас. Бұл тағам Әзербайжан, Армения, Молдавия, Ресей, Украина елдерінде кең таралған.

Құрамы:

  • 500 гр туралған ет (фарш);
  • 0,5-1 стакан күріш;
  • 1 дана қырыққабат;
  • 1 дана сәбіз;
  • 1-2 дана пияз;
  • 2-3 дана картоп;
  • қызанақ, тұз, бұрыш, аскөк.

 

Дайындалуы: 

Күрішті шала пісіріп алып, туралған етке қосамыз. Оған ұсақталған пияз, тұз бен бұрыш қосып салманы әзірлейміз.
Қырыққабат түбінің әр жерінен пышақпен сәл ғана кесіп, ыстық суға салып қайнатамыз.
Қырыққабаттың жапырақтары бөліне бастағанда судан шығарып, жапырақтарын сылып аламыз.
Жұмсарып, оралуға икемделген жапырақтарға дайын салмадан салып, мұқият ораймыз. Оны қайнап тұрған судың буына 30-40 минут пісіреміз. 
Тағамның үстіне құятын тұздық әзірлейміз. Жуа, сәбіз, картопты төртбұрыштап турап, қуырамыз. Үстіне қызанақ пен тұз, бұрыш қосамыз. Барлығын қуырғаннан соң ыстық су құйып, жәй отта бұқтырамыз. 
Мәзір дайын, аскөкпен сәндеп дастарханға ұсынамыз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Жолдаған: Ақнұр Бектеміс

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 13 шілде 2013, 10:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.