Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: “Сиқырлы қапшық”

Мәзір: “Сиқырлы қапшық”

Мәзір: “Сиқырлы қапшық”

Қазір лаваштың дайыны дүкендерде сатылады. Ол өте жұмсақ әрі жіңішке қамырдан пісіріледі. Лавашты орап, қапшық етіп, ішіне ет пен көкөністерді салып, пісірсе, кешкі асқа дәмді сыйлық болады.

Құрамына:

Ет — 300 гр.

Картоп — 2 дана

Сәбіз — 1 дана

Пияз — 1 дана

Асқабақ — 300 гр.

Лаваш — 8 жайма

Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан

Дәмдеуіштер — талғамға қарай

Дайындалуы:

Етті майда текшелерге турап, тапада қызған майға салып, қуырамыз;

Кейін оған майда етіп туралған пияз бен сәбізді саламыз да, бетін жауып біраз уақыт бұқтырамыз;

Енді картоп пен асқабақты да турап алып,  тапаға саламыз;

Тұз бен бұрыш сеуіп, қолда бар дәмдеуіштерді де сеуіп, араластырып, жай отта 20 минуттай  пісіреміз;

Бірнеше лавашты жайып, табада піскен қоспаны саламыз;

Бір лавашты  ұзынша тілімдерге кесеміз. Ол қапшықтардың аузын байлауға арналған бау болады;

Енді салма салынған лавашты орап, бауларымен аузын байлаймыз;

Дайын болған қапшықтарды 180 С  температурада қызып тұрған пешке, 15 минутқа саламыз;

Астарыңыз дәмді болсын!

3649 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: АЙНАРА Байжан
Қосылған күні: 22 желтоқсан 2011, 17:30
Пікірлер
+0
23 желтоқсан 2011, 16:05

Мынау керемет қой! Рахмеееет! Жасап көру керек екен.

+0
25 желтоқсан 2011, 12:02

Сиқырлы десе, сиқырлы екен))

+0
27 желтоқсан 2011, 11:11

Суреттерінен дәмі аузыма келді. Бұл қай жерде жасалған? құпия болмаса...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...