Пияз шелпектері күнделікті асыңызды түрлендіріп, дастарханыңызға ерекшелік пен жаңалықты әкеледі.
| Құрамы:
| |
| Стақандағы суға тұз ерітіп, оны ұнға қосып, қамыр илейміз. | |
| Қамырды жаба тұрып, пиязды майда тураймыз. | |
| Пиязды тұздап, қолмен езіп араластырамыз. Пиязды майға қуырып аламыз. | |
| Қамырды барынша жұқа қылып жайып, бетін шамалы майлаймыз. Үстіне қуырылған пиязды жаямыз. | |
| Қамырдың бір шетіне оқтауды қойып, орай бастаймыз. | |
| Қамырды оқтаудың соңына дейін ораймыз. | |
| Пышақпен суреттегідей қамырды ортасынан тілеміз. | |
| Оқтауды алып тастап, қамырды қалауыңызша тағы бірнеше бөлікке бөлеміз. | |
| Кесектерді орап, үстінен оқтаумен бір жүргізіңіз. | |
| Шамалы майды қыздырып, шелпектерді қуыра бастаймыз. | |
| Екінші жағына аударып, тағы май құйып қуырамыз. |
| Пияз шелпектері дайын. Астарыңыз дәмді болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А