- Негізгі бет
- Аспаздық
- Тоңазытқыштан ыстық шай...
Тоңазытқыштан ыстық шай ішіңіз!
Американдық “General Electric” компаниясынан "Café French Door" тоңазытқышын сатып ала отырып, енді таңда шәйнек пен су сүзгішін үнемдей аласыз.
Өйткені, аталған тұрмыстық бұйым сұйықтықты 30-85°С ыстыққа дейін қыздыра алатын кіріктірме жылытқыштан тұрады. Дәл осы бір бұйымның арқасында шай мен кофені қайнатудың еш қиындығы туындамайды.
Сонымен қатар, жаңа аппарат құбырдан келіп тұрған кез келген сападағы суды сәтті сүзгіден өткізе алмақ. "Café French Door" тоңазытқышы 3100 доллар тұрады.
Cурет: icarumba.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига