- Негізгі бет
- Аспаздық
- Зиянды деп танылған...
Зиянды деп танылған тағамдардың пайдасы
Жиі тыйымдар салынып, "бұл зиянды" деген айып тағылатын тағамдармен бұған дейін өздеріңізді таныстырып өткен болатынбыз. Тізіміңізді толықтырып алыңыз. Таяуда ғана британдық диетологтар бұл тағамдардың пайдасын зерттеп шыққан болатын.
Ет
Көптеген нәзік жандыларымыз артық салмақ тастап, "дені сау" болу үшін "қызыл еттен" бас тартты. Шын мәнінде арық "қызыл" етте тауықтың етіне (бордақыланғанында өте көп) қарағанда, әлдеқайда аз май болады. Жүгерімен қоректенген 100 грамм тауықта 129 калория және 4,8 грамм май бар. Сондай-ақ бір тұтам сиыр етінде темір мен мырыш тонусын үш есе көтеретін, иммунитетке аса қажетті заттар бар. Тіпті, арық "қызыл" етті аптасына бірнеше рет қорек ету сіздің диетаңызды толықтыра түспек.
Балмұздақ
Пішініңізді сақтаймын деген ниетпен балмұздақты өз рационыңыздан толықтай алып тастаудың қажеті жоқ. Балмұздақ өте жай қорытылады. Басқаша айтсақ, ол қарында баяу сіңіріліп, қанды қантпен біртіндеп толтырады. Шербет, пудинг, торт сынды тағамдарға қарағанда оның зияны тіптен жоқ десе де болады. Қалтадағы қалыпты көлемдегі балмұздақтың құрамында (75гр) 114 калория, 6 гр май бар. 511 калориялы, 43 гр майлы ірімшік бәлішінің бір кесегіне қарағанда, осындай балмұздақ түскі астың орнын толықтыра алады.
Ақ нан
Артық салмақтан арыламын деген адам ең алдымен ақ наннан бас тартатынын жақсы білеміз. Иә, рас ағзаңызды жаулайтын жасұнықтың көлемін азайтасыз. Бірақ, оның құрамындағы пайдалы минералдар туралы ұмытпаңыз. Ақ нанда сүйекке арналған кальцийдің құрамы көп болады. Медицина мамандары ағзада жасұнық мөлшері аз болған сайын, кальцийдің жұтаңдана түсетіндігін айтады. Наннан мүлде бас тартамын десеңіз, кальцийді толықтырудың жолдарын іздеңіз.
Сары май
Сары майдың 10 грамдық тілімі екі тілік нанға толықтай жағып шығуға жетеді екен. Ал мұның құрамында 8 гр май болады. Бұл сізге бір күнге қажетті майдың төрттен бір бөлігін құрайды. Енді мынаны қараңыз, дәл осындай мөлшердегі май кофеханадағы бір порция латтеде және көбіксіз капучинода бар. Ал сіз оларды еш қорықпастан жиі пайдаланып жүрсіз... Тағы да бір жаңалық! Сары майдың құрамында Д дәрумені бар. Және де шөппен қоректенген сиыр сүтінен жасалған қошқыл-сары түсті майда бета-каротин антиоксиданты бар. Бұл жүрек үшін өте пайдалы.
Кәуап
Кәуап – жедел тағам даярлайтын мейрамханалар ұсынатын ең тәуір тағам. Қой етінен жасалған стандартты үлесте 232 калория, 6 гр май бар (ал тауықтың етінде бұда әлдеқайда көп). Сондай-ақ, кәуапта темір сынды көптеген пайдалы минералдар бар.
Суреттер:byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева