Массагеттен мәзір: Ала кекстер

Массагеттен мәзір: Ала кекстер

Шайға тіскебасар ретінде мынадай ала кекстерден дәм татуға қалай қарайсыздар? Әдеттегідей дайындалуы оңай, әрі тез!

Құрамы:

  • 150гр қант;
  • 100гр сары май не маргарин;
  • 2 шай қасық ваниль қанты;
  • 2 жұмыртқа;
  • 100 мл айран;
  • 100 мл қаймақ;
  • 2 ас қасық какао;
  • 200-250 гр ұн;
  • 2 шай қасық қамыр қопартқышы.
Майды қант пен ваниль қантымен езіп араластырамыз.
Оған жұмыртқаларды қосып, араластырамыз.
Айран мен қаймақты қосамыз.
Ұн мен қамыр қопартқышын алдын ала араластырып қосамыз. 
Қамырды бірдей екі бөлікке бөліп, біреуіне какао ұнтағын қосамыз.
Үстінен ақ қамырдан 1-2 ас қасық қосамыз. 180 градусқа дейін қызған пешке 25-30 минутқа қоямыз.
 Кекстер піскеннен кейін аударып, сәл суытамыз.
Ала кекстер дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

 

Дайындаған: Сания Аринова

С. А