Әлем елдері таңғы асқа не қояды

Әлем елдері таңғы асқа не қояды

Өз алдына жұмысқа қабілеттілікті арттыратын, көңіл күйге әсер ететін таңғы ас бойға сіңер ең қажетті тамақтану уақыты болып табылады. Осы ретте әлем елдерінің таңғы астары бір-біріне мүлдем ұқсамайтынын айта кеткіміз келеді. 

Аустралия: салқын сүт пен жүгері қауызы. 

Қытай: таңғы асы әр аймақтың салтына байланысты қойылады. Барлығы бірдей жақсы көретін "дим-сим" аталып кеткен пельмен бар.

Бразилия: ветчина, ірімшік, нан және сүт қосылған кофе

Колумбия: сүт, көк жуа мен жұмыртқа пайдаланылатын чангуа сорпасы. Бұл елде аталған асты "байлардың асы" деп санайды. 

Куба: сүт қосылған кофе мен тостада – майға қуырылған нан тілімдері. Және бұл елдің әдеті: нанды кофеге салып жеу.

Англия: қуырылған жұмыртқа, бекон, бадана (фасоль) және саңырауқұлақ.

Франция: круассан және кофе

Германия: мұздатылған ет, шұжық (колбаса), жергілікті ірімшік пен табадан жаңа шыққан нан.

Үндістан: идли жұқа наны – оңтүстік өңірдің дәстүрлі асы. Оның құрамы: қара жасымық (чечевица), күріш, жергілікті дәмдеуіштер.

Италия: печенье және капучино   

Жапония : мисо сорпасы, күріш (ыстық буда дайындайды).

Марокко:  джеммен, ірімшікпен немесе маймен бутерброд

Нигерия: әртүрлі ұлыстар мекен ететіндіктен, дәстүрлі таңғы астары да әртүрлі. Бірақ, бәріне үйреншікті бір ас бар. Ол – мои-мои (ыстық буда дайындалған және жапыраққа оралған жасымық (фасоль). 

Португалия: нан мен салындыдан (начинка), джем мен ірімшіктен круассан және кофе. 

Туркия: нан, ірімшік, май, жұмыртқа, қызанақ, қияр, джем, бал мен қаймақ. Және де дәстүрлі "суджук" – түріктің қуатты шұжығы мен қою қызыл шайы.

Америка Құрама Штаттары: әр жерде әртүрлі, бірақ та дәстүрлі таңғы астарына жұмыртқа, қалың құймақша (блинчик), сүрсүбе (бекон), жүгері қауызы жатады.

 

сурет:businessinsider.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига