- Негізгі бет
- Сымбат
- Шашқа арналған май...
Шашқа арналған май
Шашқа арналған косметикалық май жақында танымал бола бастады. Ол сізге қаншалықты қажет? Ол шашыңызды тым майлап жібермей ме?
Шашқа арналған май – әмбебап құрал. Оның басты міндеті – шашты қоректендіріп, қалпына келтіру. Сондай-оқ ол шаш сәнін жасау барысын жеңілдетіп, шашты ультракүлгін сәулелерінен қорғайды. Термоқорғаныс ретінде фен мен ыстық плойканың әсерінен, ұштанудан сақтайды. Жұқа шашты қалың қылып көрсетеді, қалың, жатпайтын шашты тыныштандырып, жатқызады.
Бірақ шашқа арналған косметикалық майдың басты артықшылығы – ол шашты тым майламайды, ауырлатпайды, оны тез кірлетпейді.
Бұндай майды сатып алуға бел бусаңыз, таңдауына көп көңіл бөліңіз. Барлық косметикалық майлар шашқа бірдей пайдалы емес, сондықтан олардың құрамын зерттеп таңдаған дұрыс. Басты талап - оның құрамында табиғи жоғары сапалы майлар болуы керек. Өкінішке орай, кейбір косметика өндіруші компаниялар минералды майларды қолданады. Олар мұнай өңдеу барысында алынатын майлар. Бұндай май шашыңызды тым майлап, дем алуға бермейді. Шаштың тезірек кірленуіне ықпал етеді.
Жақсы, сапалы майларды дәндер, өсімдіктер, жаңғақтарды сығу барысында алады. Осындай май тез сіңіп, шашты қоректендіре бастайды. Шаштың берік болып, тез өсуіне көмектеседі.
Бұндай сапалы майлар басқалардан қымбатырақ болады, ол құрамындағы экзотикалық майлардың болуымен түсіндіріледі.
Жалғасы бар...
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: kosmetista.ru
С. А