Сүюге лайықты еріндер

Сүюге лайықты еріндер

Жігіттер сіздің кездесуге қандай көйлек киіп келгеніңізді немесе көзіңізді қандай түске бояғаныңызды есте сақтамауы мүмкін. Жо-жоқ, олар байқайды, мақтау да айтады, бірақ, аса үлкен мән бермейді. ...Алайда олардың бірден-бір байқайтыны - ерініңіздің қандай түсті далапқа боялғаны. Иә, иә, сіздің нәзік әрі тартымды ерініңіз... оның есінде ұзаққа қалады. Сондықтан ерін далабының түсін ерекше мұқияттылықпен таңдағаныңыз жөн. Назарыңызға кездесуге жағып баруға тұрарлық 5 далап түсін ұсынамыз. Психологтардың айтуынша, бұл түсті еріндер сізді ерекше тартымды етіп көрсетеді.

 

Қызыл шие түсі. Ғалымдардың айтуынша,  қызыл түс еркектердің тамыр соғуын жиілетіп, қан қысымын жоғарылатады екен. Былайша айтқанда, сіздің қасыңызда оның жүрегінінің соғысы жиілейді! Содан болар, жігіттер қызыл далап жаққан қыздардан қорқатыны...

 

Қылымсыған фуксия. Сәл күлгін қанық қызғылт түсін жігерлі, батыл қыздар ұнатады. Олардың қатарынан болмасаңыз да, осындай далапты жағып, өзіңізді батыл, өткір қыз сияқты сезініңіз. Жігітіңіз де бұны байқары анық.


 

 Кіршіксіз алтын. Боялғаны көрінер-көрінбес табиғи еріндер жігітіңізге сіздің табиғаттан сұлу екеніңізді паш етеді. Ал кішкене алтынның жылтыры сіздің сиқырыңыз бар екенін меңзеп тұрады. 


Қанық цитрус түстері. Бұл түс сіздің көпшіліктің назарында болудан қорықпайтыныңызды көрсетеді. Есесіне дымқыл жылтыр ерініңізді үлкейтіп, тартымды қылып көрсетеді.  

Нәзік қызғылт. Бұл жұмсақ еріннің реңкі кейпіңізге ерекше пәктік пен тазалық береді. Нәтижесінде жігіт біткен сізді қорғайтын болады. 



 Сурет: arlett.com.ua.

С. А