Шашты жылдам қалпына келтіру үшін...

Шашты жылдам қалпына келтіру үшін...

Шашты жұмсақ, жібектей және күтімді ететін салондық процедуралар бар. Салонға баруға уақыт немесе қаражат болмаса, мұндай әсерді үй процедураларынан да алуға болады. Әрине, салондық процедуралар 3-6 ай бойы нәтижесін сақтайды. Ал үйден маскаларды аптасына бір рет жасап тұру керек. 

Зәйтүн майымен жасалатын түнгі маска 

Шашты жылдам қалпына келтіру үшін және оған күтімді түр сыйлау үшін зәйтүн майын барлық шаш ұзындығына жағып, түнге қалдырыңыз. Таңертең бас жуғаннан кейін шашыңыздың жұмсақ бола түскенін байқайсыз.

Лимон шырыны қосылған су

Шашыңыз жібектей жұмсақ болу үшін оны лимон шырыны (2 ас қасық) қосылған суға шаюға болады.

Жұмыртқадан жасалатын маска

Ыдысқа 1 жұмыртқа мен 1 ас қасық бальзамды араластырып, шаш жағдайын жақсартатын маска жасауға болады. Мұндай масканы аптасына 1 реттен артық қолдануға болмайды.