Дұрыс арықтау жолдары

Дұрыс арықтау жолдары

Арықтау көп жағдайда өте қиын процесс екені баршамызға белгілі. Арықтау процессі міндетті түрде нәтижелі болуы үшін диетологтардың кеңестеріне құлақ салу қажет.  Кәсіпқой диетологтар тез арықтау үшін дәрі-дәрмек қолданудын қажеті жоқ екенін баяғыдан ескертеді.

Ең бастысы салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Осы мақалада арықтауды жылдам әрі жемісті ететін кеңестер берілген оқыңыздар ой түйіңіздер. 

Арықтаудың бірінші тәсілі
Тәттіден бас тартыңыз артық салмақтың бірден бір себебі тәттіден басталады. Газдалған сусындарды мүлде ішпеңіз, газдалған сусындардың құрамына қайта-қайта шөлді арттыратын заттар кіреді. Ал бұл заттар денсаулықты құртып ғана қоймай, артық салмақ қосуыңызға біршама өз үлесін қосады.Мұндайда ең пайдалысы үйдегі жемістерден өз қолыңызбен жасалған табиғи таза шырындарды ішіңіз. Егер шынымен арықтағыңыз келсе тәтті және газдалған сусындардан, торттар мен кекстерден жалпы тәтті атаулының барлығынан бас тартқаныңыз жөн.

Арықтау үшін не жеу керек?

Жеміс-жидектерде май жоқ, бірақ оларда көптеген дәрумендер мен өзектер бар, сондықтан  күніне бір-екі жеміс-жидек жесеңіз, сіз қарныңызды тойдырасыз осылай аштық сезімінен арыласыз. Бұдан басқа жеміс-жидектерде пайдалы көмірсулар бар, олар арықтауға еш кедергі келтірмейді, керсінше олар заттектердің алмасуына өте жақсы көмектеседі.

Жеңіл-желпі тамақтану
Негізгі тамақтану кезінде адам өзін тойдырмаса,көп уақыт өтпей ақ  қарнының ашуына әкеледі, мұндай жағдай көбіне артық тамақтануға әкеліп соқтырады. Сол үшін түстік пен басқада жеңіл-желпі астардан бас тартуға болмайды. Бірақ олар пайдалы ас болу керек. Мысалы ірімшік немесе көкөністер.

Арықтаудың оңай тәсілдері

Теледидарды өшіріңіз. Егер тамақтану кезінде теледидар қарасаңыз  өз салмағыңызға 40%  калорий қосатыныңызға күмәнданбаңыз. Француз диетологтарының айтуынша, бұдан басқа, газет оқу, монитордын алдында отыру тамақты көп ішуге бірден-бір әсерін тигізеді. Спортпен шұғылдану Аптасына кем дегенде 3 рет спортпен айналысуыңыз қажет. Күнделікті бес минуттық жаттығуларда тез арықтауға өте жақсы әсерін тигізеді кеудені жерден көтеру, жүрелеп отыру, тб. Бұлардың барлығы заттектердің тез алмасуына ықпал етеді.

1 аптада қалай арықтауға болады?

Бір аптаның ішінде барынша көп салмақтан арылу үшін, диетадан бөлек кем дегенде күніне 30 минут өз организіміңізге физикалық күш салуыңыз қажет немесе 10 000 қадам жол жүруіңіз керек. Ғалымдардың айтуынша баспалдақпен жүру, жүгіргенге қарағанда 3 есе артық күш жұмсауды талап етеді.  

Ұйқы мен демалу
Аз ұйықтасаң көп қозғаласың, ал бұл өз кезегінде тез арықтауға әкеледі деген қате пікір бар. Бірақ бұл түсінгендеріңіздей қате пікір. Егер де тәулігіне 8-9 сағаттан аз уақыт ұйықтасаңыз организім тез шаршап, сіз тез қозғала алмайсыз.Оның үстіне ғалымдардың айтуынша ұйқы кезінде организімде өте маңызды гармон «Лептин» бөлінеді. Бұл гормон миға «барлығы жақсы» деген сигнал жібереді. Ал ұйқыңыз дұрыс қанбаса басқа гормон түрі бөлінеді ол «грелин». Бұл гормон миға организімде «энергияның аз» екенін жеткізеді соның кесірінен аштық сезімі туындайды. Грелин жай ғана аштық сезімін туғызып қоймайды организіміңіз сізден жеңіл-желпі емес, ауыр тамақ түрін жеуді талап етеді. Сол себепті ұйқы мен демалысқа аса қатты көңіл бөлуіңіз қажет.Кем дегенде  тәуліктің 8-9 сағатын ұйқыға арнауыңыз қажет.   

Ішімдіктен мүлдем бас тартыңыз! Ішімдіктің денсаулыққа қаншалықты зиян екені айтпасада түсінікті. Диетаға келгенде бүкіл спирттік ішімдіктер денсаулыққа еке есе зиянды әсерін тигізеді.

erketai.kz


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді