Аметист – үрей сезімін басатын тас

Аметист – үрей сезімін басатын тас
Фото: unsplash.com

Егер энергетикалық кристалдардың күшіне сенетін болсаңыз, онда кез келген жағдайға және кез келген жан жағдайына арналған кристалдың барын білесіз. Олардың біреулері негатив энергияны тарқатса, басқалары күйзеліс жағдайында тыныштандырады. Қазір адамдар коронавирус жайлы жаңалықтардың көптігінен мазасыз жағдайда жүргені өтірік емес.

Тыныштандыратын кристалдың жақын жерде болуы айналада болып жатқан нәрселерге қарамастан жинақталуға және қайғы-қасіреттен арылуға көмектеседі.

Аметистті «табиғи транквилизатор» деп атайды. Ол негатив энергияны шығаруға көмектеседі және ашушаңдықты басады. Ол үрей мен уайымды тарқатады. Астрологтар оны медитация жасау кезінде қолдануды ұсынады.

Сондай-ақ аметист алаңғасарлықпен күреседі және жұмысты зейінмен орындауға көмектеседі. Астрологтар бұл әдемі кристалдар шешім қабылдау процесін жеңілдететінін де айтады.

Кристалл ұйқысыздық, бас ауруы және нашар есте сақтаумен қиналатын адамдарға пайдалы. Бұл жағдайда аметистті жастықтың астына салып жатады.

Коронавирус жайлы жаңалықтың көптігіне қарамастан сабырлы болуға және жан дүниеңіздің тыныштығын сақтауға тырысыңыз. Себебі күйзеліс жағдайы иммунитетті әлсірететіндігін, ал вирус ең алдымен әлсіз иммунитетке шабуыл жасайтынын ұмытпаңыз.

А. Жапатова