Неліктен қыста әтір иісі ұзақ тұрмайды?

Неліктен қыста әтір иісі ұзақ тұрмайды?
Фото: unsplash.com

Қыстың келуімен сүйікті әтіріңіздің иісі теріде жаздағыдай анық әрі ұзақ тұрмайтынын байқадыңыз ба? Қыста хош иістер шынымен де өз күшін жылдам жоғалтады. Температураның өзгеруімен бірге тері өзінің табиғи ылғалдылығын жоғалтады. Ал құрғақ тері  (әтір терісі майлы адамдарда ұзағырақ сақталады) хош иісті аша алмайды. Қыста әтір иісін күшейту үшін не істеу керек?

1. Теріні ылғалдандыру. Денеге арналған қоректік крем қолданыңыз. Суық күндері теріні жұмсартып қана қоймай, суықтан қорғайтын күтім құралдарын пайдаланыңыз. Әтір шашатын жерлерге (мойын, білек) ерекше мән беріңіз.

2. Қойылтылған әтір таңдау.  Суық ауа райында тері қыздырылмайды, сондықтан қыста иіссулардың (төмен концентрациялы) хош иісі бәсең болып келеді. Сол үшін қыс мезгілінде әтірдің қойылтылған (концентрациясы жоғары) түрін іздеңіз.

3. Базалық ноталарды зерттеңіз. Қыста үйреншікті иісіңіздің орнына басқа түрін алып көріңіз. Әрине, жаңа әтірді байқап көру үшін алдымен оның сынама түрін (кішкентай ыдыс) ғана алыңыз. Себебі жаңа әтір көңіліңізден шықпауы әбден мүмкін. Суық мерзімде жылулық сезімін сыйлайтын нақты ноталар бар. Оларды сатушыдан сұрап біле аласыз. Мысалы, қыс мезгіліне дәмдеуіштер, шоколад, ваниль және т.б иістер жақсы келеді.

А. Жапатова