Шашқа пайдалы 10 азық-түлік

Шашқа пайдалы 10 азық-түлік
Фото: unsplash.com

Егер ұзын әрі сау шаш өсіргіңіз келсе, бірінші кезекте тамақтануды реттеу керек. Рационыңызда дәрумендер мен жасұнықтарға бай көкөністер, ақуыздар және омега-3 қышқылдарынан тұратын өнімдер болуы керек. Үйлестірілген диета ағзаңызды қажеттінің барлығымен қамтамасыз етіп, шаштың жылдам өсуіне ықпал етеді.

Шашқа қажетті қоректік заттар:

- Ақуыз;
- Омега-3 майлы қышқылдары;
- Жасұнық;
- Темір;
- А, С, D және Е дәрумендері;
- Мырыш;
- В тобының дәрумендері.

Албырт
Қызыл балық омега-3 майлы қышқылдары мен ақуыздарға бай. Шашқа пайдасынан бөлек ол қабыну процестерінің алдын алады және орталық жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады.

Жұмыртқа
Тауық жұмыртқасында ақуыз көп және ол холин мен А, D, В12 дәрумендері секілді қажетті заттарға бай. Сонымен қатар, жұмыртқада көз бен тері саулығына қажетті лютеин мен зеаксантин бар.

Жержаңғақ
1/4 стақан жержаңғақта 9 г ақуыз, 4 г жасұнық және антиоксиданттар жинағы бар. Оған қоса жаңғақтар өте тойымды: оларды тіскебасар ретінде пайдаланыңыз. Сол кезде шаш саулығымен қатар күні бойына жететін қуат аласыз.

Асжапырақ
Асжапырақ (шпинат) – көкөністер арасында қоректі заттарының мөлшері бойынша рекорд жасаушы. Оның құрамында магний, темір, фолий қышқылы және В тобының дәрумендері бар.

Чиа дәндері
Чиа – омега-3 қышқылдары, жасұнық, ақуыз және антиоксиданттардың көзі. Бұл өте ұсақ дәндерді кез келген тамаққа қосуға болады: сорпа, ботқа, коктейль, десерт және т.б.

Асқабақ
Асқабақта калория мен май аз. Ол ағза жасушаларын қалпына келтіруге ықпал ететін темір, бета-каротин, С және Е дәрумендеріне бай. Шаш саулығын сақтау үшін асқабақты салатқа және сорпаға қосып жеңіз.

Жүзім
Жүзім де жасуша саулығын жақсартатын антиоксиданттарға бай. Таңғы асқа жүзімді қосу арқылы шаш пен тері жағдайын жақсартасыз және ағзадағы қабыну процестерінің алдын аласыз.

Қарақұмық
Қарақұмықтың пайдасы шексіз. Таңғы асқа сұлы жармасы ботқасына қарағанда қарақұмық ботқасы пайдалы.

Қызанақ
Қызанақта кей ферменттердің жұмысын ынталандыратын С дәрумені бар. Бұл ферменттердің бір міндеті – шаш пен тері үшін басты "құрылыс материалы" болып табылатын коллагенді қалыптастыру.

Бұршақтылар
Бұршақтыларда ақуыз бен жасұнық көп болғандықтан олар көптеген диетаның міндетті құрауышы болып келеді. Рационыңызға бұршақты өнімдерді қоссаңыз, шаш пен тері жағдайының біраз жақсарғанын байқайсыз.

А. Жапатова