Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Қасты қалыңдату үшін...

Қасты қалыңдату үшін...

Қасты қалыңдату үшін...

Қастың пішіні бет-әлпетке қатты әсер етеді. Сондықтан жарасымды қас пішінін табу және оған күтім жасау маңызды. Соңғы жылдары қалың әрі табиғи қас сәнге айналды. Егер қасыңыз табиғатынан қалың болмаса, оны визуалды түрде сәл жалпақтау етіп көрсететін әдістер бар.

Қасты жұлмаңыз
Қастың біраз өсуіне мүмкіндік беріңіз. Ол үшін ұзақ күту керек болады, тіпті, бірнеше ай күтуіңіз мүмкін. Шыдамды болыңыз. Уақыт өте қасыңыз максималды табиғи түріне келеді, содан соң оған ұқыпты түр беру үшін оны түзетуге (сұлулық салонына) баруға болады. Сондай-ақ, қазір "жұлынбаған" қас пішіні сәнде екенін біле жүріңіз.

Жақсы шебер табыңыз
Егер енді-енді қас жұлып бастаған болсаңыз, бастапқы кезде кәсіби маманға сенім артқан жөн. Қасқа әдемі пішін беру үшін де қолыңыз үйренуі керек. Бірден өзіңіз бастасаңыз, қасыңыздың пішінін бұзып аласыз немесе қалай жұқартып жібергеніңізді байқамай қаласыз. Маман жасап берген пішінді үйреніп алған соң өзіңіз түзей беруіңізге болады.

Қас жұлуға тек кішкентай қысқышты (пинцет) пайдаланыңыз
Қасты қысқышпен жұлу кезінде әр қыл бақылауда болады. Ал қасты балауызбен жұлу кезінде сіз ойлағаннан көбірек қас алынып қалуы мүмкін.

Қасты перманентті бояудан қорықпаңыз
Егер қасыңыз табиғатынан қалың және жалпақ болмаса, оны перманентті бояуға болады. Себебі бір процедураның өзінде қас визуалды түрде қалыңдау әрі жалпақтау көрінеді. Бояу қастың табиғи түсін қанығырақ етеді және қас контурындағы ашық түсті көрінбейтін қылдарды айқындайды.

Перманентті макияж және түкті татуаж

Қасты бояйтын түсті дұрыс таңдаңыз
Қастың түсі шаш түсінен екі реңктен артық қою болмау керек. Бұл ережені көбіне сары шашты қыздар бұзады: олар қастарын өте қою түсті теньдермен бояйды.

Хайлайтер қолданыңыз
Қасыңызды одан әрі айқындағыңыз келе ме? Қасты алдымен қарындашпен сызып, үстінен қасқа арналған теньмен бояп алған соң қастың үстіне және астына аздап хайлайтер жағыңыз.

Қасқа көлем беруге көмектесетін лайфхак: Қасты боямай тұрып, тіс щеткасын немесе қасқа арналған дөңгелек щетканы сулап, оны аздап (қатты) сабынға үйкелеңіз. Сол щеткамен қасыңызды тараңыз. Сабын қылдардың бетін қаптап, оларға көлем береді. Содан соң қасты әдеттегідей бояуға кірісесіз. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 21 қараша, 10:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.