Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Тері күтімі: Тәттіні немен алмастыруға болады?

Тері күтімі: Тәттіні немен алмастыруға болады?

Тері күтімі: Тәттіні немен алмастыруға болады?

Тәттіні тым көп тұтыну теріге әсер етпей қоймайды. Байқасаңыз, кәмпит пен торт жеуді тоқтатқан аралықта бетіңіз тегістеліп, безеулер жоқ болып кетеді. Бетіңіз үнемі осындай мінсіз болуы үшін тәттілерден тек кейде ғана емес, түбегейлі бас тарту керек.

Ендеше оны немен алмастыруға болатынын қарастырып көрейік.

Тәттіге деген шамадан тыс құмарлық, ағзаңызға қант, яғни қарапайым көмірсулар жетіспеуінің белгісі болуы мүмкін. Көмірсулар дене мен ми үшін  энергия көзі болып табылады. Алайда көмірсуларды сол сәтте "сарқып тастамасаңыз", ол артық салмаққа айналады.  

Тәтті шоколад пен сусындарды жеміс пен жеміс шырындарымен алмастыруға болады. Оларда да көмірсулар шамасы сондай, алайда калорий азырақ. Яғни, артық салмақ та, теріге шығатын түрлі жара да сізді мазаламайды.

Сонымен қатар жемістер мен олардың шырынындағы дәрумендер кәмпиттер мен газдалған сусындардан әлдеқайда пайдалы. Оның үстіне қазіргідей жеміс-жидектер науқаны – ағзаны дәрумендермен байытуға  таптырмайтын шақ.

Күнделікті тұтынатын тағамдар қатарынан тек "айдан анық" тәттілерден бас тарту жеткіліксіз болады. Йогурт пен кетчуп сынды тағамдарда "жасырын қант" болатынын да ұмытпаңыз. Мұндай өнімдер қазіргі таңда маркет сөрелерінде толып тұр. Тіпті, 90 пайызы сондай десек те болады. Олардың орнына жаңғақтар мен кептірілген жеміс алып қойыңыз. Табиғи бал да пайдалы.

Ең бастысы, қанттан бас тартқаннан кейін де үнемі тері гигиенасын сақтап, күтім жасап отыруды ұмытпаңыз. Себебі, онсыз бұл қадамыңыздан еш нәтиже шықпайды. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: styleinsider.com.ua
Қосылған күні: 11 қараша, 15:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.