Бас терісіне арналған скраб дайындау

Бас терісіне арналған скраб дайындау

Бас терісіне арналған скрабты қажетті beauty-құрал деп ойламауыңыз мүмкін. Бірақ шаштардың астында да тері барын ұмытпаңыз. Ол да тазалауды және күтімді қажет етеді. Егер арасында шашыңыздан қайызғақ байқасаңыз немесе шаш үлгісіне арналған құралдарды жиі пайдалансаңыз, бас терісіне пилинг жасауды қолға алу керек. Себебі сусабын бас терісін барлық ластықтардан тазарта алмайды.

Тері майы, шаң және шаш үлгісі құралдарының қалдықтары бас терісінде жинала берсе, ол жылдам майланады, оған қоса қабыршақтанады. Сондықтан шаш сынғыш бола түсіп, жылтырлығы мен күшін жоғалтады. Ал скраб өлген жасушаларды кетіре алады. Бірақ скрабты әр шаш жуар алдында қолдануға болмайды. Оны екі аптада бір рет қолданғанның өзі жеткілікті.

Бас терісін қант, кофе немесе тұз негізінде жасалған кез келген скраб тазарта алады. Бұл құралды бас жуардың алдында ылғал бас терісіне уқалай жағады. Оны үйден де жасауға болады. Ол үшін тұз, қант немесе кофені қандай да бір базалық маймен араластырыңыз:

- Әлсіз және күңгірт шаш – зәйтүн, кастор, кокос, бадам немесе ошаған майы;
- Құрғақ және ұштанған шаш – күнжіт, асқабақ немесе шабдалы сүйегі майы;
- Майлы шаш – арган немесе шырғанақ майы.

Шашыңыздан жағымды иіс шығып тұру үшін оған бірнеше тамшы эфир майын тамызуға болады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?