Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Ерніңіз жарылса...

Ерніңіз жарылса...

Ерніңіз жарылса...

Әйелдердің көпшілігі ерін күтімі үшін сәндік косметиканы қолдану жеткілікті деп ойлайды. Тіпті, гигиеналық ерін далабын барлық қыздар бірдей қолданбайды. Оның орнына косметикалық ерін далабының ылғалдандыратын және қоректендіретін қоспалары бар түрін таңдауға тырысады. Бірақ ерін күтімі үшін ол жеткіліксіз. Ерін де тері сияқты ұқыпты күтімді қажет етеді.

Ерінге дұрыс күтім жасалмағандықтан ол жарылады, қабыршақтанады немесе оның табиғи түсі кетіп, ағарып тұрады. Мұндай ерінді боясаңыз да, әдемі көрінбейді. Оның үстіне қатты жарылған ерін ауырады. Үйде бар өнімдерден ерінге қалай күтім жасауға болады?

Ең алдымен ерінді де бет терісі секілді тазарту керек. Ерінге аптасына бір немесе екі рет пилинг жасау жеткілікті. Ол үшін нанның қатты жерін жылы сүтке малып, жұмсарту керек. Оны ерінге жағып, аздап уқалау қажет. Ерніңіз бірден жұмсақ әрі тегіс бола түседі.

Содан соң ерінге маска жасауға болады. Ол үшін ерніңізге қаймақ жағыңыз. Ол кеуіп кеткеннен кейін тағы да қаймақ жағыңыз. Оның кепкенін күтіп, 5-6 қабат болғанша қайталаңыз. Соңғы қабатты жаққан соң масканы ерінде 10-15 минут ұстаңыз. Соңынан масканы жылы сумен жуып тастаңыз. Қаймақтың орнына айран қолдануға болады.

Ерінге мынадай да маска жасауға болады: 1 шай қасық қаймақ, 3 тамшы сұйық май мен лимон суын араластырып, ерінге қалың қабат етіп жағып, 20 минут күту керек. Содан соң жылы сумен шайып тастаңыз.

Ерінді жасартуға мұз текшелері жақсы көмектеседі. Ол үшін таңертең ұйқыдан тұрған кезде бет терісін және ерінді мұз текшесімен массаж жасай уқалаңыз.

Еріндегі косметиканы кетіргенде оны сабындап сумен жуа салмаңыз. Алдымен оны кометикалық сүтпен тазартып алыңыз.

Егер таңертең ұйқыдан тұрғанда ерніңіздің қатты құрғап тұратынын байқасаңыз, ұйықтар алдында ерінді қияр бөліктерімен сүртіп жатыңыз.

Бет терісі, шаш, тырнақ және ерін жағдайы тамақ сапасына тікелей қатысты. Тәттілердің орнына көбірек жеміс, бал, тосап жеуге тырысыңыз. Сүт өнімдері, жұмыртқа, бауыр, майсыз ет, теңіз өнімдері, қарабидай наны, көкөністер мен хош иісті шөптер – әйел сұлулығына қажетті өнімдер.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: ru.freepik.com
Қосылған күні: 11 қазан, 09:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.