Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Ерін далабы жайлы қызықты фактілер

Ерін далабы жайлы қызықты фактілер

Ерін далабы жайлы қызықты фактілер

Орта ғасырда Англияда ерні боялған әйелдерді мыстан деп санаған. Ал қазір ерін далабы – кез келген макияждың негізгі бөлігі. Ендеше ерін далабы жайлы 6 қызықты факт ұсынамыз.

1-факт: Әлемдегі ең қымбат ерін далабының бағасы автомобильден де жоғары болған.

2007 жылы шыққан Guerlain KissKiss Gold and Diamonds ерін далабының бағасы 62 мың доллар тұрған. Ол KissKiss ерін далабынан тек қымбат қабымен ерекшеленген.

2-факт: Ерін далабы рухты көтереді.

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбританияда барлық косметикалық құралдарды шығаруға тыйым салады. Уинстон Черчилль ерін далабына ғана рұқсат береді: ол әйелдердің еріндерін шиедей етіп бояп жүруі әскердің рухын көтереді деп санаған.

3-факт: "Ерін далабы эффектісі" – экономикада бар термин.

Экономика (елдің немесе аймақтың) түскен кезде ерін далабының сатылымы көтеріледі. Ғалымдар 1999-2000 жылдары АҚШ-тағы рецессия кезінде киім, әшекей және жиһаз сатылымының кері көрсеткішін, ал ерінге арналған косметика сатылымының біршама өскенін байқаған. Экономистер "ерін далабы эффектісін" былай түсіндіреді: тұрақсыз экономика жағдайында қымбат нәрсе ала алмайтындықтан өзіңді далап секілді ұсақ-түйек жұбату.

4-факт: Ерін далабы кино арқылы танымал болды.

Қазір ерін далабы – кең таралған бьюти-құрал: статистика бойынша оны әлемдегі 81% әйел қолданады. Оны басқа құралдармен салыстыру үшін мына мәліметті ұсынамыз: тоналды кремді 64%, ал бетке арналған косметиканы 54% әйел пайдаланады. Өткен ғасырдың 20-жылдардағы ақ-қара түсті фильмдерден соң ерін далабы сатылымының серпілісі байқалған.

Луиза Брукс

5-факт: Ерінге арналған қарындашты Елизавета I ойлап тапқан.

Англия патшайымы Елизавета I ерін далабын жаққанды ұнататын болған. Ол пигмент, ұнтақталған гипс, балауыз және майды араластырып, оны жазуға арналған қауырсынға орау арқылы ерінге арналған қарындашты ойлап тапқан. Сонымен қатар, ағылшын монархы макияждың емдік қасиетіне сеніп, өзін әлсіз сезінгенде ернін бояй беретін болған.

6-факт: Көп сатылатын ерін далабы – түссіз бальзам.

Қызыл ерін далабы мәңгі классикаға жатқанымен, әлем бойынша түссіз ылғалдандырушы бальзам – ең көп сатылатын косметикалық құрал. Ашық түсті ерін далаптары жаңбырлы күндері көбірек сатылады екен. Бұл мәліметтен әйелдер ерін далабын сатып алу арқылы көңіл күйлерін көтеретінін байқауға болады.

1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 21 тамыз, 13:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.