Сымбат. Бес минутта макияж жасаңыз.

Сымбат. Бес минутта макияж жасаңыз.

Қыздар, таңертең университетке жиналып, тезірек бояну керек болса, мына бейнебаянға назар аударыңыздар. Сіздер үшін күнделікті өмірге сай, табиғи, көзге түспейтін, бірақ әдемілігіңізді еселендіре түсетін мэйкапты қарастыруға тырыстық.

Ең әуелі көзіңіздің астындағы қарайғанды білдіртпеу үшін корректор жағамыз. Сонымен қатар, мұрын аумағындағы қара мен қызыл дақтарды жасыруға арналған реңк беруші кремді пайдаланамыз.

Бейнебаянда беттегі макияжды толықтыру үшін пудра қолданбаған екен, ал егер сізге қажет болса үстінен пудра жағып алсаңыз да болады.

Енді, қасыңызға аса мән беріңіз. Өйткені қас беттің ажарын ашады. Оны арнайы қас бояуымен бояймыз.

Көздеріңіз жарқырап тұрсын десеңіз, қабақ бояуының астына жағылатын арнайы сұйықтықты пайдаланыңыз.

Қабақтың үстіне ашық түсті бояу жағамыз. Содан соң, қоңырқай түстес бояумен қабақтың жанынан бояп, қарайтамыз.

Кірпіктің дәл үстінен сүрмемен, немесе арнайы қарындашпен мұқият сызып шығамыз.

Кірпіктерімізді бояймыз және бетке реңк беретін еңлік жағамыз.

Ерінімізді аса көзге түспейтін, солғын қызыл далаппен бояп, макияжды толықтырамыз.

Міне, макияж дайын. Қыздар, әрдайым сұлу да, тартымды болып жүріңіздер. Ең бірінші сыртқы сұлулық, кейін ғана жан сұлулығы көзге түсетінін ұмытпаңыздар.

Сурет: http://juztoday.com