- Негізгі бет
- Сымбат
- Шашқа арналған ылғалдандырушы...
Шашқа арналған ылғалдандырушы маскалар
Шаш – әйелдің "визит картасы". Шаш ұштанбас үшін және әдемі көріну үшін оны ылғалдандыру керек. Оған табиғи өнімдерден жасалған үй маскалары көмектесе алады.
Қыздардың көпшілігі шаш ұшына аз мән береді. Көпшіліктің шаш күтімі мынадай ретпен жүреді: сусабынмен жуу; бальзам жағу; кей жағдайда дүкен маскасын қолдану. Үйден маска жасауға уақыт жетпеуі мүмкін, бірақ шашқа нағыз керегі сол үй маскалары десек қателеспейміз.
Ылғалдандырушы маскалар мына функцияларды орындайды:
- су теңгерімін реттеу;
- тері қабыршақтануы мен қышуын кетіру;
- шашқа иілгіштік сыйлау;
- шашты бояудан соң немесе термиялық өңдеуден соң қалпына келтіру;
- ультракүлгіннен немесе суықтан қорғау.
Егер дүкенде сатылатын өнім шашты сынғыштықтан және құрғақтықтан құтқармаса, күтім құралын ауыстырып көріңіз. Әр ас үйде болатын табиғи өнімдерден жасалатын үй маскасына көшіңіз.
Құрғақ шаш
Құрғақ шаш сыртқы орта факторларына әлсіз болып келеді. Ыстық күн де, аяз да, қатты жел де шаштың көлемін жоғалтуына және сынғыш, күңгірт бола түсуіне, ұштануына әкеледі. Ылғалдандырушы үй маскасы – уақытылы күтімнің міндетті элементі. Құрамындағы қоректендіргіш компоненттерінің арқасында шаш қайтадан берік әрі иілгіш бола түседі. Өзіңізге келетін рецептіні төмендегі кестеден таңдауға болады.
Құрамы | Уақыты | Ескерту |
- 45 мл ошаған майы; | Түнге қалдыру | Шашқа жағар алдында масканы аздап қыздырыңыз. 45 мл=3 ас қасық |
- 120 мл тәтті емес йогурт; | 2 сағат | Егер қоспа өте сұйық болса, аздап ұн немесе крахмал қосуға болады. |
- 50 г майлы сүзбе; | 45 минут | Сүзбені үккіштен өткізіңіз. |
- 30 мл алоэ шырыны; | 1 сағат | Алоэ шырынын дәріханада сатылатын ампуладағы алоэмен ауыстыруға болады. |
Мұндай ылғалдандырушы маскалар бұйра шаштарға жақсы келеді. Масканың құнарлы құрамы "тыңдамайтын" шаш бұрымын аздап басып, шаш үлгісін жасауды жеңілдетеді. Жоғарыда көрсетілген майларды дәріханадан алуға болады.
Майлы шаш
Майлы шаш ылғалдандыруды қажет етпейді деген қате пікір бар. Жоғары майлылық – бездер жұмысының бұзылуы. Сондықтан шаш сыртқы факторлардың алдында қорғаусыз қалады. Төмендегі кестеден майлы шашқа келетін ылғалдандырушы маска рецептілерін көре аласыз.
Құрамы | Уақыты | Ескерту |
- жарты стақан айран. | 1 сағат | Алдымен айранды аздап жылытыңыз және бас терісіне уқалай жағыңыз. |
- 60 г бал; | 40 минут | Жұмыртқаны маскаға саларда оның ағын көпіршітіп алыңыз. |
- 1 сарымсақ тілімі; | 30 минут | Сарымсақты сарымсақ сыққыштан өткізіңіз. Сарымсақ иісін кетіру үшін жалбыз қайнатпасы құйылған сумен шайыңыз. |
Табиғи өнімдерден маска жасау кезінде металл ыдыстар қолданбаңыз. Ол өнімдердің қышқылдануына себеп болып, өздерінің пайдалы қаситеттерін жоғалтуына ықпал етуі мүмкін.
Ұштанған шаш
Ұштанған шаш – қыздар арасында жиі кездесетін мәселе. Ұштану шашты ұйыстыра береді және шашты әдемі етіп көрсетпейді. Шашқа ұқыпты түр сыйлау үшін әрдайым шаш ұшын қиып жүру керек болады. Шашты қиған соң ол қайтадан ұштанып кетпес үшін тиімді ылғалдандырушы маска жасап жүрген жөн.
Құрамы | Уақыты | Ескерту |
- 25 г желатин; | 40 минут | Маска жағылған шашты сүлгімен орап, сыртынан фенмен қыздырыңыз. |
- 45 мл зәйтүн майы; | 1 сағат | Сульфатсыз сусабынмен және салқындау сумен шайыңыз. |
- 45 мл майсана майы; | 30 минут | Масканы тек шаш ұшына жағыңыз. |
Маска жағу техникасы
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін үй маскасын дұрыс дайындай және жағу білу керек. Сондықтан бірнеше қадамды есте сақтап алыңыз:
1. Ылғалдандырыңыз. Шашыңызды маска жағарда жайлап су шашу арқылы сулап алыңыз. Аздап ылғалдау шашқа маска оңай жағылады.
2. Тарақ қолданыңыз. Тарақ арқылы масканы шаштың барлық ұзындығына жағу жеңілірек болады.
3. Жылы ұстаңыз. Маска жағылған шашты буып, сыртынан целлофан бас киім киіп алыңыз. Содан соң қосымша сүлгімен орап, айтылған уақыт біткенше жылы ұстаңыз.
4. Курс бойынша жасаңыз. Нәтижеге жету үшін 15 процедура жеткілікті. Шаштың зақымдалуына байланысты аптасына екі рет жасауға рұқсат етіледі. Шаш қалпына келген соң айына бір-екі рет жасағанның өзі жеткілікті болады.
5. Қоспаны бірден қолданып тастаңыз. Масканы дайындаған соң бірнеше минут өткеннен кейін ол өз пайдалы қасиеттерін жоғалта бастайды. Сондықтан үй маскасын тоңазытқышқа келесі қолдануға сақтауға болмайды.
6. Рецептіні кезектестіріп тұрыңыз. Бір рецептіні қатарынан 3-4 рет жасаған соң маска әсері жоғалып кеткендаей көрінуі мүмкін. Алайда, олай емес, шаш маска құрамындағы өнімдерге үйреніп кетеді. Сондықтан әр 3-4 процедурадан соң рецептіні басқасына ауыстырып тұрыңыз.
7. Процедураға дайындалыңыз. Маска жағарда шашты тараңыз. Содан соң қан құйылуын күшейту үшін 5-минуттық бас массажын жасаңыз.
А. Жапатова