Сұлулық сырлары: күріш суы

Сұлулық сырлары: күріш суы

Күріштің бірегей құрамы теріні және шашты Р, С, Е және В тобының дәрумендерімен қанықтыруға көмектеседі. Сұлулықты сақтауға күріштің өзін және оның суын да қолданады.

Күріш суын қолдану әдістері:

Бетке арналған тоник. Күріш тұнбасы теріні майдан жақсы тазартады, тонуста ұстайды және дәрумендер мен минералдармен қоректендіреді;

- Безеуге қарсы құрал. Күріш суы артық тері майын кетіріп, теріні құрғатады. Әдетте, теріге безеу шығуының себебі – ұсақ тесіктердің бітелуі. Күріштің суы тесіктердің бітелмеуіне көмектеседі.

- Теріні ағартатын құрал. Күріш тұнбасы тері реңкін ағартатын қасиетке ие.   

- Пигменттік дақтардың алдын алатын құрал. Күріш қайнатпасы ағартатын қасиетке ие болғандықтан, оны пигменттік дақтардың алдын алуға қолданады. Ол үшін күріш суынан мұз текшелерін жасауға болады.

- Шашқа арналған маска. Күріш қайнатпасымен немесе тұнбасымен шаш шайса, оны жұмсақ әрі жылтыр етеді.

- Арықтауға арналған сусын. Күріш диеталық өнімге жатады. Күріш суы да арықтауға көмектеседі. Күріштің суы зат алмасуды қалпына келтіреді, ағзадағы қалдықтарды шығарады және тәбетті төмендетеді.

Күріш суын дайындау

Күріш суын косметикалық мақсатта қолдану үшін жуылған күрішке су құйып, 15 минутқа қалдыру керек. Содан соң оның суын сүзіп аласыз. Күрішті тамаққа, ал суын бет жууға немесе шаш шаюға қолдануға болады.

Арықтауға арналған күріш суын дайындау үшін күрішті көп мөлшердегі суда 2-4 сағат бойы қайнатады. Содан соң суын сүзіп алып, күні бойына аз-аздан ішеді.

Жасартатын күріш маскасы





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila