Эмили Ратаковскидің бет күтімі

Эмили Ратаковскидің бет күтімі

Қазіргі заманда IT-модельдер мен сән бикештерінің дәурені жүріп тұр. Әсіресе, бойжеткендер күтімге қатысты жаңа өнім іздеген кезде үнемі солардың кеңесіне жүгінеді. Бүгін сондай танымал модель әрі актриса Эмили Ратаковскидің бет күтіміне тоқталып өтеміз. 

Сонымен, оның таңғы және кешкі күтімге пайдаланатын өнімдері қолжетімді бағада деп айту өте қиын. Ең бай бойжеткендердің біріне айналып үлгерген Эмилидің 800 долларлық косметикасын алмасаңыз да, қандай кремдер пайдаланатынын, оның құрамын біле отырып, өнімнің бюджеттік нұсқасын табуға әбден болады. Сондықтан, бұл мақала пайдалы болары анық. 

Ратаковски бет күтімін жасауда тазалау өнімдеріне баса назар аударады. The Coveteur басылымына берген сұхбатында, раушан гүлі майы мен ретинолдан тұратын іркіт пайдаланады екен. Эмилидің сөресінен Kiehl's, Sisley мен Joanna Vargas компаниясы өнімдерін табуға болады. 

Оның Ultra Facial Cleanser  тазалауышы ер адамдарға арналған эксфолиация(пилинг) әсерін беретін өнім екен. Бұл — түрлі косметиканы пайдалану арқылы өзіңізге керегін анықтап алуға болатындығының дәлелі. Сондықтан, тәжірибе жасаудан қорықпаңыз. Бірақ, өнімнен алынатын нақты әсерді тек 1 айда ғана сезінуге болады. Бұл 1-2 тұтынғаннан кейін еш өзгеріс көрмесеңіз де, бас тартуға асықпау керектігін көрсетеді.

 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар