- Негізгі бет
- Сымбат
- Кірпікке арналған Е...
Кірпікке арналған Е дәрумені
Әр әйел кірпігінің ұзын әрі қалың болғанын қалайды. Алайда, көпшілік кірпік те шаш және тырнақ сияқты күтімді қажет ететіндігін ұмытып жатады. Кірпікке күтім жасауда Е дәруменінің (токоферол) маңызы зор.
Токоферол барлық дәріханада қолжетімді бағада сатылады. Е дәруменімен кірпікке күтім жасау уақыт та алмайды. Оны қолдану үшін тазартылған кірпікке Е дәруменін таза щеткамен (мысалы, босаған тушьтің щеткасын жуып қолдану) жақсаңыз болғаны. Бұл процедураны күніне бір рет ұйықтар алдында жасау жеткілікті. Курс 20-30 күнге жалғасады. Келесі курсты бастау үшін арасында 1 ай уақыт үзіліс болу керек.
Е дәруменімен жасалатын кірпікке арналған маскалар
Әлсіз кірпікке арналған маска
- 1 капсула Е дәрумені;
- 1 шай қасық майсана майы;
- 1 капсула А дәрумені.
Кірпіктің өсуіне арналған маска
- 1 капсула Е дәрумені;
- 4 тамшы майсана майы;
- 4 тапшы ошаған майы.
Кірпіктің түсуіне қарсы маска
- 1 капсула Е дәрумені;
- 6 тамшы арган майы.