Шығыс сұлулығы: күтім құпиялары

Шығыс сұлулығы: күтім құпиялары

Шығыс әйелдері қашан да сұлулығымен аты шыққан. Олардың өз-өздерін қалай күтетіні, не қолданатыны туралы білгісі келетіндер өте көп. Біз бүгін негізгі өнімдерге тоқталатын боламыз.

 Арган майы

Арган ағашының бағалы майы — шығыс әйелдері сұлулығының нөмірі бірінші құралы. Арган майын ежелден бері қолданады, алайда ол қазіргі кезге дейін алған бағытынан таймай келеді. Бойжеткендер оны ешқандай косметикалық қоспасыз таза күйінде қолданады. Арган майын шашқа ғана емес, бет және дене терісіне қажетті құрал ретінде қолданады. Арган майы теріні тегіс әрі жұмсақ етеді, сонымен қатар өзінің жағымды иісімен қуантады. 

Лимон

Лимон қышқылы — теріні ағартатын табиғи құрал. Шығыс сұлулары бет терісін ағарту мақсатында теріні лимон суымен сүртеді. Лимон қабығының жұмсақ жағымен бет терісін уқалап, скраб ретінде қолдануға болады. 

Куркума

Куркума ұнтағынан жасалған маскалар жағу — үнді және пәкістандық дәстүрде келіннің тойға дайындалуындағы басты міндеттердің бірі. Куркуманы кез келген базардан табуға болады. Сондықтан үй жағдайында куркумадан маска дайындауға мүмкіндік бар. Ол үшін 2 ас қасық ұн, 1 шымшым куркума және 2 ас қасық сүт қажет. Барлық ингредиентті араластырып, оны бетіңізге жағып, 15-20 минут шамасында ұстау қажет. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
"Үркерде" үздік шыққан 3 фотосурет тарихы
"Үркерде" үздік шыққан 3 фотосурет тарихы
Француздар нағыз Парижді танытатын фильмдерді атады
Француздар нағыз Парижді танытатын фильмдерді атады
Жаңа табылған дене мүшесінің қызметі қандай?
Жаңа табылған дене мүшесінің қызметі қандай?
ЮНЕСКО қорғауындағы әлемдік мәдени мұралар
ЮНЕСКО қорғауындағы әлемдік мәдени мұралар
Тіс неге сарғаяды?
Тіс неге сарғаяды?