Сұлулығыңызды "ұрлайтын" 10 beauty-әдет

Сұлулығыңызды "ұрлайтын" 10 beauty-әдет

Барлық әйелдер әдемі болғысы келеді. Нәзік жандылар өзіне күтім жасап, дүкеннен түрлі күтім құралдарын алады. Бірақ кейде ақшаны бекерге құртатын және тері жағдайын нашарлататын қателіктер жасаймыз. Қандай beauty-әдеттерден құтылу керек?

1. Дұрыс жуынбау

Бет жуудың бірнеше ережесі бар. Біріншіден, жиі жуынуға болмайды, себебі тері құрғап кетеді. Екіншіден, бетті қатты жөкемен, спонж және сүлгімен ысқыламаңыз. Олар терінің табиғи қорғаныш қабатын зақымдайды. Үшіншіден, қолайлы температура таңдаңыз. Бет терісі үшін ең жақсысы  – бөлме температурасы.

2. Қолмен бетті ұстау

Кейбір адамның кір қолмен бетін жиі ұстайтын әдеті болады. Сол секілді біреулер жағын таянып отырады. Мұндай әдеттерден бет терісіне бактерия және әжім түсу қаупі бар.

3. Скраб пен пилингті жиі жасау

Әрине, бұл процедуралар теріге қажет, бірақ бәрі емес және бірден емес. Теріні орнымен демалту керек, сол кезде ол өзінің табиғи жаңару механизмін қосып үлгереді.

4. Ұйықтар алдында крем және маска туралы ұмыту

Егер жас теріңізді сақтағыңыз келсе, оны ұйықтар алдында ылғалдандыруды ұмытпаңыз. Түн – қалыпқа келуге арналған керемет уақыт. Регенерация жылдам жүреді, бірақ бір уақытта ылғал қарқынды жоғалады: теріге тәуліктің қараңғы уақытында энергия және ылғалдандыру көбірек қажет.

5. Күніне бірнеше рет опа жағу

Таңертең опа жағып шығу – жаман нәрсе емес. Бірақ күні бойы терідегі майлы жылтырды кетіру үшін қайта-қайта опа жаға беру дұрыс емес. Мұндайда ұсақ тесіктер бітеліп қалады және қара нүктелер пайда болуы мүмкін. Терідегі жылтырға қарсы майлықтарды пайдаланған жөн.

6. Теріні спиртпен құрғату

Бетті спиртпен қаншалықты көп өңдесеңіз, ол соншалықты майлы бола түседі. Міндетті түрде тониктің құрамын оқыңыз. Құрамында спирті бар тоник бөртпені құрғатуға пайдасы тиеді, бірақ ол сау теріге пайдалануға келмейді.

7. Макияжбен ұйықтау

Тері күтімінде жіберілетін үлкен қате – макияжбен ұйықтап қалу. Ол тері қабынуына, ұсақ тесіктердің бітелуіне және көз астының қараюына әкеледі.

8. Шашқа арналған термоқорғаныш қолданбау

Шашыңызды түзету немесе бұйралау кезінде құрал бетіңізге (құлағыңызға) тиіп кеткенде, теріңіз қалай ауыратынын білесіз. Сол секілді әр ыстық процедурадан соң шаштарыңыз қалай қиналатынын елестетіңіз. Сондықтан шашқа арнайы термоқорғаныш құрал шашу керек.

9. Безеу сығу

Бетіңізде безеу пайда болған бойда сыққыңыз келіп тұрады. Алайда, онша білінбейтін кішкентай нүкте сыққан кезде үлкейіп, қызарып, жазылып болмайтын жараға айналуы мүмкін.

10. Күннен қорғанбау

Құрамында SPF қорғанышы бар косметика сізді ультракүлгін сәуледен жылдың барлық мерзімінде қорғайды.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді