- Негізгі бет
- Сымбат
- Шаш неге ұштанады?...
Шаш неге ұштанады?
Еңбекпен әрең дегенде шашыңызды өсіресіз, ал ол ұштанып, өлімсіреп көрінеді. Мұндай кезде не істеуге болады?
Шаш кератинді қабыршақтан тұрады: олар негізгі өзекте тұрып, оны қорғайды. Егер қабыршақтар әрдайым майлағышпен қапталып тұрса, олар берік әрі иілгіш болады. Бірақ егер май жеткіліксіз болса, кератин көтеріліп, негізгі өзектің өзін қалдырады. Сол үшін ол зақымдалып, қабаттана бастайды.
Неліктен олай болады?
- Шашты күннен және суықтан қорғамайсыз;
- Жиі шаш бояйсыз немесе шаш жалғайсыз;
- Дұрыс тарамайсыз;
- Күрделі шаш үлгісін жасайсыз немесе шашты қатты етіп буасыз;
- Шашыңыз ұзын, бірақ сіз ылғалдандырғыш құралдар (маска, бальзам және т.б) қолданбайсыз. Себебі шаш ұзын болған сайын, оның ұшына майлағыш жетіспейтін болады;
- Шашты феннің ең ыстық желімен кептіресіз немесе бұйралағыш құрал қолданасыз.
Ағзаңызда кемшілік бар:
- Дұрыс тамақтанбайсыз. Дәрумен мен минералдың жетіспеуінен шаш зақымдалады;
- Су аз ішесіз;
- Гормонды жаңылыс болды;
- Зат алмасу немесе қан айналым бұзылды;
- Бас терісі ауруы бар.
Сонымен қатар, шаш ұштануына жүктілік ықпал етуі мүмкін. Себебі іштегі бала барлық пайдалы заттарды өзіне алып кетеді. Шаштың ұштануға бейімділігі тұқым қуалаушылықтан да болуы мүмкін.
Ұштанған шашқа бірдеңе жасауға бола ма?
Жоқ, зақымдалған шашты бір-біріне «жабыстыру» мүмкін емес. Оны қиып, тек жаңасын өсіруге болады.
Болашақта шаш ұштанбауы үшін не істеу керек?
Бұл мәселені кешенді түрде шешу керек:
1. Көбірек көкөніс, жаңғақ, ет, сүтті және бұршақты тағамдар жеңіз;
2. Жазда шашқа қорғаныш спрейін шашып, күннен қорғайтын бас киім киіңіз. Қыста бас киімсіз жүрмеңіз;
3. Сирек тістері бар жұмсақ тарақ қолданыңыз. Шашты ұшынан бастап, біртіндеп түбіне дейін тараңыз;
4. Ылғалдандырғыш және қорғаныш құралдарын қолданыңыз. Әр шаш жуған сайын кондиционер мен жуылмайтын сарысу (сыворотка) қолдану керек.Сосын аптасына 1-2 рет маска жасау қажет;
5. Фенді қолдануға болады, бірақ жылы (ыстық емес) немесе суық ауасын таңдаңыз. Ал бұйралайтын және тікелейтін құрал туралы ұмытыңыз;
6. Шашқа сүлгіні қатты орамаңыз және резеңкемен қысып байламаңыз;
7. Кәсіби бояулар қолданыңыз. Олар шашты қатты құрғатпайды. Сонымен қатар, шашыңыздың табиғи реңкіңізге ұқсас бояу түсін таңдаған жөн;
8. Шаш ұштанған бойда, оны қиып тастаңыз. Егер ұзындығын өсіргіңіз келсе, «полировка» процедурасын байқап көріңіз;
9. Егер ештеңе көмектеспесе, дәрігерге көрініңіз. Себебі кей аурулардың себебінен пайдалы элементтер нашар сіңіріледі.