Құжатқа арналған сурет сәтті шығу үшін...

Құжатқа арналған сурет сәтті шығу үшін...
Фото: pixabay.com

Көп жағдайда қыздарға құжатқа арнап түскен суреті ұнамай жатады. Сурет сәтті шығу үшін бірнеше кеңес ұсынамыз. 

1. Тері 
Бірінші ереже: ешқандай жылтыр текстура болмау керек. Олар бетіңізге қажет емес көлем береді және көзіңізді кішірейтеді. Бетіңіз жылтырамас үшін тональді кремнің сыртынан опа жағыңыз. 

2. Қас пен кірпік 
Қаншалықты қою болса, соншалықты жақсы: суретте қас пен кірпік «желінеді», сондықтан ұялмай, қасыңызды жалпақ әрі қою түсті етіп бояй берсеңіз болады. Көзіңізді қара сүрмемен сызып, тушьті да аямай жаға беріңіз. 

3. Ерін 
Сізді күңгірт (матовый) ерін далабы құтқарады. Қанық, бірақ табиғи ерніңізге жақын түсін таңдаңыз. Суретке түсерде нюд реңкін жақпаңыз. 

4. Еңкею 
Иегіңізді аздап түсіріңіз. Иә, әдетте суретке түсіруші оны көтеруді сұрайды. Бірақ иекті аздап төмен түсірген кезде беттің төменгі жағы аздап кішірейіп, бетіңіз арық болып көрінеді. 

5. Бұрылыс 
Өзіңіздің ұтымды жағыңызбен кішкене ғана бұрылыңыз. Яғни, оны аз ғана алға шығарыңыз. 

6. Күлімдеу 
Әдетте, суретке күліп түскендіктен, көз қысылады, бет жоғары көтеріледі және ерніңіз ашылады. Құжатқа ондай сурет жарамайды, бірақ жай жымию суретіңізге сән береді. Барынша табиғи жымиюға тырысыңыз.

А. Жапатова