Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Көз айналасы терісіне арналған кремді таңдау

Көз айналасы терісіне арналған кремді таңдау

Көз айналасы терісіне арналған кремді таңдау

Көз айналасындағы тері беттің ең нәзік бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, көз айналасында май бездері жоқ десе де болады, сондықтан ол жылдам тозып, алғашқы әжімдер сол жерге шығады. Әжім қатты көбейіп кетпес үшін косметологтар көз айналасына ерекше күтім жасап, крем жағуды ұмытпауды ұсынады. Көз айналасы терісін ылғалдандыратын сапалы кремді қалай таңдау керек?

Құрамына мән беріңіз. Көз айналасы терісіне арналған кремді сатып аларда оның құрамына мән беріңіз. Кремде парабен, хош иістендіргіштер, SLES, SLS болмауы керек. Бұл ингредиенттер мәселені ұлғайтып, тері сезімталдығын жоғарылатады.

Ретинолы (А дәрумені) мен С дәрумені бар кремді кейінге қалдырыңыз. Иә, кремде бұл заттардың болуы бет терісіне жақсы әсер береді, бірақ көз айналасы терісіне емес. С дәрумені мен ретинол өте агрессиялық заттар, сондықтан оны көз айналасының нәзік терісіне қолданбаған жөн.

Кремді қажеттілігіне сай таңдаңыз. Егер жасыңыз 25-те болса, жасы ұлғайғандарға арналған крем таңдаудың қажеті жоқ. Жас теріге косметологтар ылғалдандыратын, қоректендіретін және энергия беретін жеңіл сергіткіш гель таңдауды ұсынады. Жасы 40-тан асқандарға гиалурон қышқылы, пептид және мырышы бар көз айналасы терісіне арналған крем таңдау керек.

Әжімге қарсы крем көз астының қараюына көмектеспейді. Егер көз астының қараюы секілді мәселе мазаласа, құрамында К дәрумені және пептиді бар крем таңдаңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 30 маусым 2018, 09:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.