Жасанды иіссуды анықтау үшін

Жасанды иіссуды анықтау үшін
Фото: Ярмарка Мастеров

Қыз-келіншектердің қол сөмкесінен табылатын дүниелердің бірі – әтір. Тіпті әр жыл мезгілінде әтір түрін ауыстырып отыратын қыз-келіншектер де бар.  Ал кейбіреулері әтірдің тек бір ғана түрін қолданады. Жақсы әтірдің бағасы қымбат болғандықтан, әтірдің жалған болып шықпауы үшін бірнеше тәсілді біле жүріңіздер.

Әтірдің тазалығына көз жеткізу үшін сатушыдан сапа сертификатын сұраңыз. Ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда әтірдің жазуын мұқият оқыңыз. Себебі жасанды өнім өндірушілер атақты бренд жазуының бір ғана әріпін өзгертіп жасайды. Мәселен, "Kenzo" орнына "Genzo",  "Gillette" сөзін  "Gilletty" деп жазылуы мүмкін.  Сонымен қатар тауардың шығарылған күні, жарамдылық мерзімі және тауар құрамы көрсетілуі тиіс. Есіңізде болсын, таза француз әтірінде «parfume» сөзі «е» жалғауынсыз «parfum» деп жазылады.

Қымбат әтірдің қорабы қатты, жазуы айқын және анық болады. Сапалы әтірді анықтау үшін оның иісіне де аса мән берген жөн. Себебі әтірдің құрамында 30-40% хош иісті май болғандықтан, 1-2 тамшысының өзі 6-9 сағатқа дейін өз иісін сақтап тұрады. Ал күндіз парфюмериялық су (туалетная вода) сепкен дұрыс. Себебі мұның бағасы өте қолжетімді әрі иісі жағымды. Құрамында 8-14% эмир майы болғандықтан, иісі 4-5 сағатқа дейін денеде тұрады.

Сапалы әтірге ешқашан металл қақпақ жабылмайды. Өйткені әтір металмен әрекеттескенде иісі бұзылады. Яғни әтірдің құтысы таза, мөлдір  болады.  Сонымен қатар химиялық заттар қосылған әтірдің түсі әлдеқайда қанық түсті болады. Сапалы әтірдің бағасы қымбат болатындықтан, арзан бағада сізге ұсынса, ондай әтірге күмәнмен қарағаныңыз жөн.

Бағалы иіссулардың штрих коды болады. Мәселен, француз әтірлерінің штрих коды 3 санынан басталады. Ал Ұлыбритания 50, Германия 400-440, Испания 80-83, Франция 30-37, Канада 00-09 сандарынан басталады. Әтір таңдауда қателесуден қорықсаңыз, мүмкіндігінше сенімді жерден ғана сатып алғаныңыз абзал.

Н. Үсенова