- Негізгі бет
- Сымбат
- Кушон дегеніміз не?...
Кушон дегеніміз не?
Әлем бойынша әйелдердің көпшілігі кушон қолданады. Оның танымалдығының құпиясы неде екеніне және оны қалай қолдану керектігіне тоқталайық.
Кушон – сұйық косметикалық құралға дымқылданған асептикалық сорғыш (губка). Ағылшын тілінен «cushion» сөзі «жастық» деп аударылады. Кушон – косметика түрі емес, ол оның шығарылу пішіні. Ереже бойынша, кушондар шағын, опа қорабы секілді шығарылады. Оның ішінде айна, жоғарғы бөлігінде антибактериялық спонж және төменгі бөлігінде кушон болады.
Кушонның түрлері
Бастапқыда жастық-кушондар тональді өнімдермен (ВВ және СС кремдер) дымқылданатын болды. Алайда кушонды тек тональді кремдермен сәйкестендіруге болмайды. Оның пішіні өте ыңғайлы болғандықтан, кушон ретінде бетке арналған далап, бронзер, хайлайтер, қасқа арналған тень, ерін далабы және басқа да косметикалық құралдарды шығара бастады.
Кушонның артықшылықтары:
- Жеңіл текстура және оңай жағылуы. Тональді кремді, крем тәрізді далапты және басқа да сұйық құралдарды шектен тыс жағып жіберуіңіз әбден мүмкін. Ол бетіңізде маска ұқсап тұрады. Алайда кушонмен өнім сезілмейтін тегіс қабат болып жағылады;
- Үнемділік. Сықпа ыдыс ыңғайлы болғанымен, одан өнім көбіне артық мөлшерде шығып кетеді. Ал кушон спонжы аз өнім алып, оны бет терісіне жақсы сіңіреді;
- Жинақтылық. Кушон қаптамасы аз орын алады. Оны кішкентай сөмкеде де алып жүру ыңғайлы және қосымша қылқалам секілді құралдарды қажет етпейді.
Кушонның кемшіліктері:
- Кушон тональді құралы безеу және басқа да пигментті дақтарды жасыра алмайды. Кей өндірушілер жасырушы эффектісі жоғары кушондар шығарып жатыр. Алайда оны да бірнеше қабат жақпаса, дақтарды жасыра алмайды.
- Кушондар жылдам бітіп қалады. Қарапайым тональді құралдардың ыдысында 50-70 мл өнім болса, кушон көлемі 20-30 мл болып шығарылады.
Кушонды қолдану жолы
Алдымен теріні тазартып және ылғалдандырып алыңыз. Спонжды сұқ және ортаңғы саусаққа киіп, жастық-кушонды аздап басу арқылы өнімді алу керек. Өнімді бет терісіне соққылау арқылы жағып шығыңыз. Тональді кушондардың 30%-ы минералды судан және басқа да ылғалдандырушы құрамнан тұрады. Сондықтан одан соң тері ылғалдау болып тұруы мүмкін. Егер сізге ондай нәтиже ұнамаса, теріге кушоннан соң опа жағыңыз.
А. Жапатова