- Негізгі бет
- Сымбат
- Ерін далабы күні...
Ерін далабы күні бойы сақталуы үшін...
Фото:
popsugar.com
Бет әрлеуші Нико Лопес ерін далабы күні бойы сақталуы үшін қарапайым нұсқама ұсынды. Ерніңізде далап тұрғанын сезбейсіз және ол кетіп қалады деп алаңдамай су ішіп, тамақ жей беруге болады.
1. Ерніңізді қарындашпен сызыңыз. Далап түстес қарындаш алып, ерніңізді толықтай сызып шығыңыз. Ерін құрғақтығы мен тегіс еместігін ойламаңыз, оны соңынан түзейсіз.
2. Көлемді қылқаламмен ерніңізге ұнтақ опа жағыңыз.
3. Ерін далабын жағыңыз. Жоғарғы ерінді ортасынан шетіне қарай, ал төменгі ерінді оңнан солға, солдан оңға қарай бояңыз.
4. Ерніңізге қайтадан опа жағыңыз.
5. Егер далап түсі қанық болмаса, 1-ден 4-ке дейінгі қадамды қайталауға болады.
А. Жапатова