Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Іскер аруларға арналған диета

Іскер аруларға арналған диета

Іскер аруларға арналған диета

Қазіргі заманда жақсы өмір сүру үшін әйел заты да ер азаматынан қалыспай жұмыс істеуге тура келеді. Қарбасқа толы жұмыс пен үй тірлігін қатар алып жүргенде өзіне де қарау кез келген әйел адамның қолынан келе бермейді. Әсіресе, бір жерде отырып істейтін жұмыс – деннің саулығы мен сұлу мүсіннің жауы.

Сол себепті артық салмақ жинағысы келмейтін арулар дұрыс тамақтану тәртібін сақтанып немесе арнайы диета ұстауы қажет. Бүгінгі біз ұсынған диетаны ұстап көрсеңіз, 2 апта ішінде 5 келі салмақ тастауға мүмкіндігіңіз бар.

Таңғы асқа жеміс-жидек жеңіз. Мөлшері шамамен жарты келі болғаны дұрыс. Банан, жүзім, авокадо және кепкен жемістерден басқа кез келгенінен әр күнде әр түрін таңдасаңыз болады.

Түскі асқа асқазаныңыз не қаласа, соны жеңіз. Тек мөлшері көп болмауын қадағалаңыз. Күріш, балық, салат, бұқтырылған көкөніс секілді жеңіл сіңетін тағамдарды таңдасаңыз, тіпті жақсы. Фастфуд, пісірмелер (выпечка), майлы тағамдар және макарон өнімдерінен түбегейлі бас тартқаныңыз дұрыс.

Кешкі асқа қайнаған көкөністер (картоптан басқа) жеңіз. Оны қанағат тұтпай жатсаңыз, аздаған айран ішуге болады. 

Тез арықтағыңыз келсе, шөптен жасалған шай не газдалмаған минералды суды көбірек ішіңіз.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: voxpopuli.kz
Қосылған күні: 30 қараша 2017, 11:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.