Әжімге қарсы крахмал маскасы

Әжімге қарсы крахмал маскасы
Фото: Evi Medi Spa

Уақыт өте әйелдер бет терісіндегі және ерін айналасындағы әжімнен құтылғысы келеді. Заманауи косметология жасартудың түрлі әдісін ұсынып жатыр. Алайда лифтинг, ботокс және пластикалық операциялар қауіпті және ауыртады. Сонымен қатар, көп қаражатты талап етеді. Әйел адам өзінің сыртқы келбетіне жауапты және жасартатын процедураларды үйден өздігінен жасай алады.

Крахмал маскасының артықшылықтары

- Ботокс секілді крахмал бұлшықетті босаңсытады және әжімдерді тегістейді;

- Лимон қышқылы, сутек тотығы және жұмыртқа сарысымен картоп крахмалының үйлесімі секпіл мен пигменттенуге қарсы тиімді құрал;

- Крахмал, өсімдік майлары (шабдалы, бадам) және сүт қоспасы теріні құнарландырады;

- Крахмал мен банан (1:1 пропорцияда) теріні дәрумендермен қамтамасыз етеді және тесіктерді тарылтады.

Крахмал маскасы ботоксқа ұқсайды, бірақ нәтижесі бірден көрінбейді. 

Бет терісіне арналған крахмал маскасының дайындалу жолы

100 гр суық суда 1 ас қасық картоп крахмалын езіңіз. Содан соң ерітіндіні 0,5 л қайнаған суға құйып, «қою кисель» болғанша қайнатыңыз. Қоспаға 5 ас қасық сәбіз сөлін қосыңыз. Ол маска құрамында А дәрумені көп. Бұл көкөністің сарғылт түсін бейтараптандыру үшін 1 ас қасық қаймақ қосуға болады. Суыған массаны бет терісіне жағып, 25 минут ұстайсыз. Маскадан соң теріңіз жұмсақ әрі жібектей болады, сонымен қатар бұлшықеттің тартылуы мен мимикалық әжімдердің жайлап тегістелуін байқайсыз.

А. Жапатова