Диета: III және IV қан тобы бойынша тамақтану

Диета: III және IV қан тобы бойынша тамақтану
Фото: GrowFood

Әлем бойынша адамдардың көпшілігі түрлі әдісті қолданып, артық салмақпен күресуде. Диетаның түрі көп болса да, олар әр адамға түрліше әсер береді. Бұл сұраққа алғаш рет натуропат (шөптермен емдейтін дәрігер) Джеймс Адамо қызығушылық тудырды. Ол вегетариандық (етсіз) диетаны зерттей келе оның кей адамдарға жақпайтындығын көрген.

Сол кезде ол әр адамға жеке диета құруға арналған тұрақты фактор болуы керек деп болжады. Сондай факторға ол қанды жатқызды. Оны тәжірибеде көру үшін Джеймс Адамо қан топтары әртүрлі адамдар түрлі азық-түлікке қалай әсер беретіндігін зерттей бастаған. Зерттеуді жалғастырған оның ұлы Питер Адамо төрт түрлі қан тобына арналған тамақтану жүйесін ойлап тапқан. Қан тобы әртүрлі адамдардың ас қорыту жүйесі  «кей азық-түлікке» түрліше әсер еткен.

Басы

III қан тобы бойынша тамақтану

III қан тобы адамдарының физикалық денсаулығы мықты болып келеді. Олардың иммундық және ас қорыту жүйесінде проблема сирек кездеседі. Тамақтану үлесіндегі өзгерістерді жақсы қабылдайды. Сондықтан оларға кез келген диета келе береді. Оларда ақуызға да және көмірсуларға да бай өнімдер бірдей қорытылады.

III қан тобы адамдарына ұсынылатын тағамдарға сүтті және сүт қышқылды (май үлесі төмен) өнімдер, жұмыртқа, дәнді дақылдар, жемістер мен көкөністер жатады. Жүгері, қызанақ, асқабақ, зәйтүн, қарақұмық және бидайлы жарманы аз мөлшерде қолданған жөн. Диета сақтау кезінде кей теңіз өнімдерін (шаянтәрізділер мен моллюскалар), шошқа етін және тауық етін жемеген дұрыс, себебі олар III қан тобы адамдарында ұзақ қорытылады. Сусындар арасында көк шай мен шөптен дайындалған шайлар, ананас, жүзім, мүкжидектен жаңа сығылған сусындар ағзаға пайдасын тигізеді.

III қан тобы адамдарына майсыз өнімдер қолданатын кез келген диета келеді. Шоколадты диета немесе жылдам нәтиже беретін айран диетасын ұстауға болады. Күзде салатпен тамақтанатын диетада отырсаңыз болады, себебі осы мезгілде көкөністердің құрамында дәрумендер мен микроэлементтер максималды жоғары болады. 

IV қан тобы бойынша тамақтану

IV қан тобы II және III қан топтарының антигендерінен (А,В) тұрады. Алдыңғы материалда айтып өткендей II және III қан топтарына арналған диета бір-біріне ұқсамайды. IV қан тобы адамдарына майсыз ет (қой, күркетауық, қоян) жеуге рұқсат етіледі. Етті құрамында крахмалы аз көкөністермен үйлестірген жөн. IV қан тобы адамдарына қызанақ жеуге болады, А және В антигендері асқазандағы томаттың кері әсерін бейтараптандырады.

Диета міндетті түрде сүт қышқылды өнімдерден (айран, сүзбе) тұруы керек. Күнделікті тамақтану үлесіңізге аздап теңіз өнімдерін қосыңыз. Теңіз қырыққабатынан және зәйтүн майымен араластырылған кез келген салат жақсы қосымша болады. Барлық маринадталған және консервіленген тағамдардан бас тарту керек. Жемістер де пайдалы, алайда кей экзотикалық түрлерінен (апельсин, грейпфрут) сақ болыңыз. Сусындардан бәрін ішуге болады.

А. Жапатова