Ерінге күздік күтім

Ерінге күздік күтім

Суық күндер келген сәтте еріндер ылғалдығын жоғалтып, құрғап, қабыршақтанып, жарыла бастайды. Еріндердің саулығын қайтару үшін мына кеңестерді қолданыңыз. 

  • А мен В дәрумендерге бай жаңғақтар, балық пен көкөністерді рационыңызға қосыңыз. Ерін жарылуының басты себебі осы дәрумендердің ағзадағы тапшылығы болуы мүмкін.
  • Далада ерінді жалау әдетінен арылыңыз. Бұл еріннің қабыршақтануының басты себебі.
  • Ерінге арналған қымбат бальзам мен далаптардың орнына, оған күнделікті қарапайым вазелин жағып жүріңіз. Оны саусақпенен ерінге жағып, артынан сулатылған орамалмен сүртіп тастаңыз.
  • Ерінге арналған түрлі маскалар жасаңыз. Мысалы қәдімгі балды ерінге молынан жағып, бірнеше минутке қалдырыңыз.
  • Мына масканың да әсері байқалады. Ірімшікке кілегей қосып, ерінге 10 минутқа жағып қойыңыз. Дауадан кейін ерінді сулы орамалмен сүртіңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: f-journal.ru

С. А