- Негізгі бет
- Сымбат
- Ерінге күздік күтім...
Ерінге күздік күтім
Суық күндер келген сәтте еріндер ылғалдығын жоғалтып, құрғап, қабыршақтанып, жарыла бастайды. Еріндердің саулығын қайтару үшін мына кеңестерді қолданыңыз.
- А мен В дәрумендерге бай жаңғақтар, балық пен көкөністерді рационыңызға қосыңыз. Ерін жарылуының басты себебі осы дәрумендердің ағзадағы тапшылығы болуы мүмкін.
- Далада ерінді жалау әдетінен арылыңыз. Бұл еріннің қабыршақтануының басты себебі.
- Ерінге арналған қымбат бальзам мен далаптардың орнына, оған күнделікті қарапайым вазелин жағып жүріңіз. Оны саусақпенен ерінге жағып, артынан сулатылған орамалмен сүртіп тастаңыз.
- Ерінге арналған түрлі маскалар жасаңыз. Мысалы қәдімгі балды ерінге молынан жағып, бірнеше минутке қалдырыңыз.
- Мына масканың да әсері байқалады. Ірімшікке кілегей қосып, ерінге 10 минутқа жағып қойыңыз. Дауадан кейін ерінді сулы орамалмен сүртіңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: f-journal.ru
С. А