Зат алмасу үдерісін жақсарту арқылы арықтау

Зат алмасу үдерісін жақсарту арқылы арықтау
Фото: priyatelnitsa.ru

Адам жасы ұлғайған сайын зат алмасу үдерісі бәсеңдеп, салмақ қоса бастайды. Таңда бес тәсіл жасайтын болсаңыз, салмақ тастап қана қоймай, өзіңізді жеңіл, қуатты сезінесіз. 

Керілу 
Таң атқанда керіліп жаттығу жасау зат алмасуды жақсартуға көмектеседі. Мұны тіпті орныңыздан тұрмай жатып-ақ істеуге болады. Бірақ орныңыздан тұрғаннан кейін жақсылап тартылуды ұмытпаңыз. 

Секіру
Таңертеңгілік жаттығу қатарына міндетті түрде скакалкамен секіруді қосу керек. Егер жаттығу жасауға еш уақыт таппасаңыз, шайнек қайнағанын күткенде, басқа да жағдайларда жай ғана бір орында тұрып секіріңіз. Бұл денеңізбен қатар қозғалысқа және көтеріңкі көңіл күйге де жақсы әсер етеді. 

Лимон қосылған су 
Ағзаны токсиндерден тазартып, метаболизмді жақсырту үшін таңда бір стақан жылы су ішіңіз. Ішек-қарын жолдары ауырмайтын болса, оған бірнеше тамшы лимон сығындысын қосыңыз. 

Таңғы асқа жұмыртқа
Жұмыртқа – ақуызға бай, ал ақуыз метаболизмді жылдамдатады. Таңғы асқа жұмыртқа қайнатып жеңіз, көкністер мен ботқаны да ұмытпаңыз. 

 

Таңғы астан кейін алма 
Алма құрамында зат алмасу үдерісін тездететін пектин бар. Әр тамақ ішкен сайын алма жесеңіз, ағзаңыз сізге тек рақмет айтады. 

Осы бес тәсілді орындай отырып, өзіңіз қалаған мүсінге қол жеткізесіз.

@. @assel_assanova