Тональді кремді дұрыс таңдау

Тональді кремді дұрыс таңдау
Фото: www.imujer.com

Дүкеннен тональді крем сатып аларда, оның түсін, тығыздығын, құрылымын мұқият таңдап алсаңыз да үйге келген соң, оның басқаша болып шыққанын байқап, көңіліңізді қалдыратын кездер болады. Оның себебі тональді кремді таңдаудағы жіберілетін қателіктерде болуы мүмкін.

1-Қателік: Тональді кремді білекке жағып көру

Білектегі тері бет терісімен ешқашан бірдей болмайды. Сондықтан, кремді таңдау кезінде жаққа жағып көріңіз.

2-Қателік: Тональді кремді маияждың бетіне жағып көру

Қазіргі креміңіз сізге мінсіз сәйкес келсе де, оның құрамындағы пигменттер жаңа құралдың құрамына әсер етіп, нәтижесінде басқа түс көрсетуі мүмкін. Сондықтан, тональді крем таңдарда тазартылған бетке жағып көріңіз.

3-Қателік: Реңкті дүкеннің ішінде қарау

Кез келген құралдың түсі күннің көзіне айқын көрінеді. Сондықтан дүкенде бетіңізге бірнеше реңкті тональді крем жағып көріп, далаға шығыңыз. Даладан түстерді айқын көріп, тональді кремді дұрыс бағалай аласыз.

4-Қателік: Екі түстен оның қаралауын таңдау

Егер бір-біріне ұқсастау екі түстің қайсысын таңдарыңызды білмесеңіз, екеуін де алып, араластырып қолданыңыз немесе ашықтауына тоқталыңыз.

5-Қателік: Тональді кремді кешкі уақытта сатып алу

Тері күні бойы өзгереді. Себебі сіз терлеуіңіз немесе тоңуыңыз, терідегі ұсақ тесіктер бітеліп қалуы мүмкін. Сондықтан теріңіздің күнделікті түсі өзгеріп көрінеді. Тональді кремді күндізгі уақытта таңдасаңыз, теріңіз де алдамайды.

6-Қателік: Өте тығыз тональді крем таңдау

Сіздің өз теріңіз тональлді крем астынан көрініп тұру керектігін ұмытпаңыз. Тональді крем теріңізді толықтай өзгертіп тастамауы қажет, ол жай ғана теріңізге тегістік береді.

А. Жапатова