- Негізгі бет
- Сымбат
- Артық салмақтың себебі...
Артық салмақтың себебі мен салдары
Достарыңыздың, таныстарыңыздың арасында арығы да, толығы да «арықтауым керек» деген бір жырды қайталай беретінін жиі байқайтын боларсыз. Әсіресе, қыздардың басты мәселесі – арықтау. Қай-қай нәрседе де шешім қабылдамай тұрып, туындау себебін анықтап алған ұтылмайды.
Мына суреттен өз мүсініңізге ұқсайтынын тауып, нөміріне сәйкес себебі мен салдарын оқыңыз.
1. Көп тамақтану
Әлемде артық салмақ жиналуының ең көп кездесетін себебі – шектен тыс тамақтану. Егер денеңіздің жоғарғы бөлігінің барлығына май қабаттары жиналса, демек, сіз қантты және барлық тамақты көп мөлшерде қабылдайсыз. Қазіргі тамақтану тәртібіңіз өзіңізге қалыпты көрінуі мүмкін. Бірақ өзгелер қанша жегеніне емес, өз тамақтануыңызға көңіл қойыңыз.
Шешімі: Тамақтанар алдында жарты литр су ішсеңіз, өзіңізді тоқ сезініп, түскі және кешкі асты күндегіден азырақ жейсіз. Шай мен кофені 1-2 күн қантсыз ішіңіз, кейін оған тез үйреніп кетесіз. Тәттіден бас тарта алмасаңыз, өзіңізге тек кептірілген жемістер (өрік, қараөрік, інжір, құрма) және мармелад, зефир жеуге ғана рұқсат етіңіз. Күніне кем дегенде 30 минут дене жаттықтырыңыз (би, жүгіру, секіру, жаяу жүру).
2. «Жүйкесі жұқа» қарын
Егер артық май үнемі тек қарын айналасына жиналатын болса – ішіңізде күйзеліс, қиналыс болуы мүмкін немесе өмірде үнемі бір нәрседен қорқып, уайымдап жүресіз.
Шешімі: «Жүйкесі тозған» қарыннан зардап шегетіндер күйзелістен арылу үшін тәттіге үйір болады. Егер кез келген нәрсеге күйгелектенуді қойсаңыз, кәмпит жеуді де солай доғарасыз. Бұл артық салмақтан арылуға көмектеседі.
3. Бөксе толықсуы
Артық салмақты бөксесіне жинайтын адамдар гормон үйлесімсіздігіне ұшырағаны.
Шешімі: Бұл мәселенің шешімін табу үшін темекі мен ішімдіктен бойды аулақ ұстап, көп қозғалуға тырысыңыз.
@. @assel_assanova