Арықтататын Магги диетасының мәзірі. 1-апта

Фото: polzavred.ru

Магги диетасы жұмыртқа диеталарының бір түріне жатады. Мұндай атауы бәрімізге таныс сорпаға арналған текшелерге негізделгендіктен емес, осы диета түрін ойлап тапқан адамның тегіне қойылған. Магги диетасы туралы интернет желісінде оң пікірлер көптеп кездеседі. Магги диетасының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы алдыңғы материалдан оқи аласыздар.

Магги диетасының бірінші аптаға арналған ас мәзірі (Магги диетасы 4 аптаға созылады)

Дүйсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас: алма, апельсин, қарбыз, өрік, алмұрт, қауын, киви жемістерінің тек бір түрін қанша мөлшерде болса да жеу.
Кешкі ас: қайнатылған майсыз ет (қой етінен басқа).

Сейсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас: қайнатылған тауық еті (қуырылған да болады).
Кешкі ас: 2 қайнатылған жұмыртқа, 1 грейпфрут (апельсин), дәмдеуішсіз салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш), 1 тост наны.

Сәрсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас: 1тост наны, майлы емес ірімшік, қызанақ.
Кешкі ас: қайнатылған майсыз ет (қой етінен басқа).

Бейсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас: алма, апельсин, қарбыз, өрік, алмұрт, қауын, киви жемістерінің тек бір түрін қанша мөлшерде болса да жеу.
Кешкі ас: дәмдеуішсіз салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш), қайнатылған майсыз ет (қой етінен басқа).

Жұма

Түскі ас: шала пісірілген 2 жұмыртқа немесе қайнатылған көкөністер (сәбіз+жасыл бұршақ немесе үрме бұршақ+кәді).
Кешкі ас: 1 грейпфрут, дәмдеуішсіз салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш), қайнатылған немесе қуырылған балық бөлігі.

Сенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас: алма, апельсин, қарбыз, өрік, алмұрт, қауын, киви жемістерінің тек бір түрін қанша мөлшерде болса да жеу.
Кешкі ас: дәмдеуішсіз салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш), қайнатылған майсыз ет (қой етінен басқа).

Жексенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.
Түскі ас: қайнатылған тауық еті (қуырылған да болады), буға піскен қызанақ немесе қайнатылған көкөністер (сәбіз+жасыл бұршақ немесе үрме бұршақ+кәді), 1 грейпфрут.
Кешкі ас: қайнатылған немесе қуырылған көкөністер (сәбіз+жасыл бұршақ немесе үрме бұршақ+кәді).

А. Жапатова