Кәріс қыздарының терісі мінсіз көрінеді: тегіс, таза, аппақ тері. Ол тек генетикаға ғана байланысты емес, сонымен қатар, корей әйелдерінің бірнеше кезеңнен тұратын ұқыпты күтіміне де тікелей қатысты. Олардың тері күтімі туралы толық ақпаратпен таныс болыңыз.
Ұлу шырышы
Ұлу шырышы — кәрістің бетке арналған кремдер құрауышының ішіндегі ең танымалы. Қорқынышты естілгенмен, нәтижесі жақсы. Ұлу шырышының пайдасын білу үшін алғашқы тәжірибелер 1960 жылдары өткізілген. Зерттеу нәтижесі бойынша, ұлу шырышы емдеп жазатын қасиетке ие екен. Алайда, ең бастысы, оның құрамында коллаген (дәнекер тіннің негізгі құраушысы және терінің беріктігін қамтамасыз ететін ақуыз) мен эластин (теріні қалпына келтіретін, созылғыштығын қамтамасыз ететін ақуыз) бар.
Кезең-кезеңмен тазалау
Кешке терідегі бояуды жуып-тазалау 15 минут уақыт алуы мүмкін. Кәріс қыздары үшін бұл үйреншікті жағдай. Беттегі күшті бояудың өзін жеңіл кетіретін майларды кәрістер ойлап тапты. Тазалаудың бірінші кезеңі — бояуды майдың көмегімен кетіру. Екінші кезең — көпірікпен жұмсақ тазалау. Үшінші кезең — терідегі ұсақ тесіктерді тазартатын, жансызданған жасушалардан құтылатын және теріні жылдам қалпына келтіретін скрабпен жуыну.
Тональді кремнің орнына ВВ-крем қолдану
Корей әйелдері классикалық тональді кремдерді қолданбайды. Себебі ол теріні құрғатады және қажетті мөлшерде пайдалы күтім құрауыштары жоқ. Ал ВВ-крем — тональді крем мен ылғалдандырушы кремнің қосындысы.
Құралдарды жиі ауыстыру
Еуропалық және америкалық брендтерге қарағанда кәрістер өнімдерін мыңдаған жылдар бойы сыртқа шығармайды. Олардың индустриясында қандай да бір жаңа өнім бірнеше мерзім ғана саудада тұрады, одан соң оны басқа жаңа өнім ауыстырады. Корей әйелдері күтім құралын жиі ауыстыруға үйреніп қалған. Нәтижесінде, олардың терісі бір ғана өнімге үйреніп қалмайды және түрлі ингредиенттерді қабылдағыш болып келеді.
Күннен қорғау
Көпшілік адам күнге күйгенді жақсы көреді. "Күннен қорғайтын кремдерді қолдану керек" деген пікірлерге аса мән бере бермейді. Ал кәріс қыздары күнге күйгенді ұнатпайды. Күннің көзі мен әжімдердің пайда болуы тығыз байланысты екені бұрында дәлелденген. Сондықтан корейлік ВВ-кремдердің өзінде SPF-қорғауы бар.
Мата маскалар
Кәріс әйелдерінің тағы бір уақытылы қолданатын құралы — мата маскалар. Олар әдетте, мақтадан жасалып, табиғи экстраттардан тұрады: алоэ, сүтті протеиндер, ұлу шырышы, саз және т.б. Маскалар теріге қажетті мөлшерде ылғалдық беріп, теріні құнарландырады. Кей қыздар мата маскаларды күніне бір рет қолданады екен.
Майлар
Азиялықтар бет терісін майлағанды жақсы көреді. Майдың бірден бірнеше қабатын да жаға береді. Кәріс қыздары күтімінің ерекшелігі осында. Кокос, арган және басқа да зәйтүн майларын кремнің астынан жағады. Соның нәтижесінде тері жұмсақ бола түседі.
Көздің астына жабыстырғыш (Патчи под глаз)
Кәріс әйелдері көз айналасына ерекше күтіммен қарайды. Кореялық ноу-хау — көздің астына арналған гельді жабыстырғыш, оның құрамында коллаген бар. Ол ұсақ әжімдерді тегістеп, көздің ісуін кетіреді. Жабыстырғышты алған соң жууды қажет етпейді.