- Негізгі бет
- Сымбат
- Жасартатын күріш маскасы...
Жасартатын күріш маскасы
Жапондық әйелдер күріштің косметикалық басымдылығын ғасырлар бойы қолданып келеді. Күріш — коллаген өндіруге бағытталатын линол қышқылының қайнар көзі. Ол теріде әжім түзілуін баяулатып, күннің кері әсерінен қорғайды. Сонымен қатар, күріш Е дәрумені мен гамма-орзинолға да бай. Соның себебінен, жүректі қорғайды және қандағы холестерин мөлшерін төмендетеді.
Күріштің жасаруға көмегі зор. Бүгінгі материалда бет терісінің түсін жақсартып, әжімдерді тегістейтін күріштен жасалатын маска дайындаудың жолын көрсететін боламыз.
Қажетті азық-түліктер:
- 3 ас қасық күріш;
- 1 ас қасық сүт;
- 1 ас қасық бал.
Дайындалу жолы:
Күрішті қайнатып, сүзгіден өткізіңіз. Одан аққан суды сақтап қойыңыз. Сүзіп алынған күрішке жылы сүт және жылы бал құйыңыз. Барлығын жақсылап араластырыңыз. Маска дайын. Масканы құрғақ әрі таза теріге жағыңыз. Маска толықтай кеуіп кеткенше, бетте ұстаңыз. Содан соң күріш дайындаған сумен шайып тастаңыз.
Күріштің суы антиоксидант қасиетіне ие. Ол теріні ылғалдандырып, қан айналымын жақсартады. Бұл су терідегі дақтарды кетіруге де көмектеседі. Жақсы нәтижеге жету үшін, күріштен жасалған масканы аптасына бір рет жасап тұрған жөн.
А. Жапатова